
(Киевтегі келіссөздер. Жалғасы...)
Қазақстанның мүддесін алға тарта отырып, Украина үкіметінің басшылығымен бірқатар кездесулер өткіздім.
Украина Премьер-Министрі Денис Шмыгаль мырзамен екіжақты өзара іс-қимылдың барлық өзекті мәселелері бойынша сағаттарымызды теңестірдік.
Қазір барлық елдердің алдында басты міндет тұр - ковидтік тыйымдардан кейін ашылып, өзара қарым-қатынасты жалғастыру. Бұл міндетке қол жеткізудегі ең бастысы-халықты жаппай вакцинациялау.
Қазақстан covid-19 коронавирусына қарсы өз вакцинасын өндіретін санаулы елдердің бірі болып табылады. Біздің QazVac вакцинасы тиісті рәсімдерін өту кезеңінде болса да, өзінің тиімдігін дәлелдеді. Киев қызығушылық танытқан жағдайда біздің вакцинаны жеткізуді қамтамасыз етуге дайынбыз.
QazVac жеткізу мүмкіндігін Украина Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Виктор Ляшкомен кездесуде де талқыладық.
Экономикалық белсенділікті қалпына келтірумен өзара сауда көлемін ұлғайту келтіру мәселесі ерекше өзекті. Үкімет басшысын мемлекетаралық комиссия отырысының қорытындысы бойынша негізгі уағдаластықтармен таныстырдым. Олардың барлығы өзара сауда айналымын арттыруға бағытталған.
Шмыгаль мырзамен Укрзалізницяға қажет ететін теміржол өнімдерін жеткізу перспективасын талқыладық.
Украиналық кәсіпкерлерге біздің шекаралық ынтымақтастық орталықтарын пайдалануды ұсындым. "Қорғас" Шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы арқылы украиндық өндірушілер Қытай нарығына шыға алады.
Біз үшін аграрлық- өнеркәсіптік кешен саласындағы украиналық тәжірибе өте маңызды, әсіресе, озық агротехнологиялар мен инновацияларды енгізуде.
Киевтегі келіссөздер жалғасуда. Бағдарламада украин бизнесінің өкілдерімен кездесу және Қазақстанға "қызығарлықтай" инвестицияларды тарту.