Қазақстаннан қарақұмықты шығару квоталанатын болады

Қазақстаннан қарақұмықты шығару квоталанатын болады

Қарақұмық жармасына ішкі бағаларды тұрақтандыру және халықты қамтамасыз ету мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімімен үш ай мерзімге 2021 жылғы 31 тамызға дейін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден қарақұмық экспортына сандық шектеулер енгізіледі.

Қарақұмықтың ішкі қорларының, экспорттық келісімшарттардың болуын ескере отырып, қазақстандық кәсіпкерлер үшін қарақұмық экспортын 4200 тонна шегінде жүзеге асыру мүмкіндігі сақталды.

Сонымен қатар ЕАЭО-ның басқа елдерінде аталған жарманы шығаруға нақтысында тыйым салынды.

Қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Сауда және интеграция министрлігі экспорттаушылар арасында осы квотаны бөлу ережелерін талқылауда.

Анықтамалық:  2020 жылы қарақұмық экспорты (СЭҚ ТН коды 100810000) 4,3 млн.АҚШ доллар соммасына 7,5 мың.тоннаны құрады, 2019 жылмен салыстырғанда заттай көріністе 5,85% - ға ұлғайды (2,61 млн.АҚШ доллары соммасына 7,1 мың тонна). Сонымен қатар, 2020 жылы олардың көп бөлігі Украинаға (94%), аз ғана бөлігі Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия және Польшаға экспортталды.

 

Қазақстан Республикасы

 Сауда және интеграция министрлігі

Баспасөз қызметі