Министрлер қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің Қытай нарығына шығуын талқылады

Министрлер қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің Қытай нарығына шығуын талқылады

Нұр-Сұлтан, 2021 жылғы 27 сәуір – Министрліктер Үйі. ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов ҚХР Коммерция министрі Ван Вэньтаомен екі ел арасындағы сауда – экономикалық ынтымақтастықты дамыту бойынша онлайн-келіссөздер өткізді.

Екі елдің министрлері ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты дамытудағы зор әлеуетті және ҚХР-ға жоғары сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуді ұлғайту мүмкіндігін атап өтті.

«Екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастық әлеуетін толық іске асыру үшін қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін ҚХР нарығына шығару бойынша Қытай тарапының көмегі қажет», - деді Сауда және интеграция министрі Б.Сұлтанов.

Сонымен қатар, Қазақстан ҚХР-ға жоғары сапалық сипаттамаларымен ерекшеленетін түрлі өсімдік шаруашылығы өнімдерін жеткізуге мүдделілік білдірді.

Ауыл шаруашылығы өнімдері саудасын дамыту мәселелері бойынша бұған дейін Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі кіші комитетінің 11-ші отырысы аясында уағдаластыққа қол жеткізілген естеріңізге сала кетейік.

 

ҚР СИМ баспасөз қызметі