
2021 жылғы 6 сәуірде Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының Сауда және интеграция министрлігінің Қоғамдық қабылдау алаңында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттермен сауда мәселелері талқыланды.
Қоғамдық қабылдау отырысы Атамекен ҰКП және өңірлік Кәсіпкерлер палаталарының қолдауымен өткізілді.
Кездесу барысында сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова қазақстандық бизнесті ЕАЭО бойынша серіктестермен ынтымақтастықтың ағымдағы трендтері туралы хабардар етті.
Отырыс шеңберінде ЕАЭО елдерімен саудадағы кедергілерді жою, елдермен кедергілер мен шектеулерді белгілеу кезіндегі дауларды шешу рәсімдері мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Бизнес өкілдері ЕАЭО елдерімен сауда кезінде орын алған кедергілер туралы хабарлады. Атап айтқанда, пандемияға қарсы күрес шеңберінде белгіленген жұмыс күшінің қозғалысын шектеу, Ресей Федерациясының аумағы бойынша габаритті емес жүктерді тасымалдау үшін арнайы рұқсаттарды алу ұзақтығы және басқа да мәселелер көтерілді.
Сонымен қатар, сүт өнімдерін өндірушілерге ағымдағы жылдың шілде айынан бастап таңбалау енгізілген жағдайда сүт өнімдерін Ресей Федерациясына экспорттаудың ерекше шарттары түсіндірілді.
Қазақстандық бизнестің көтерілген мәселелерін шешу үшін Сауда және интеграция министрлігі кәсіпкерлермен, мемлекеттермен, органдармен қосымша қажетті іс-шаралар және ЕЭК алаңында келіссөздер жүргізетін болады.
Жалпы, Қоғамдық қабылдаудың бірінші отырысы ЕАЭО бойынша серіктестермен саудадағы проблемалық мәселелерді бірлесіп жедел шешу мақсатында бизнестің осындай диалогқа деген жоғары қызығушылығын көрсетеді.
Қоғамдық қабылдаудың кезекті отырысын 2021 жылғы 14 сәуірде Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының кәсіпкерлерімен өткізу жоспарлануда.