
Экспортты, оның ішінде шикізаттық емес тауарларды ілгерілетуге жәрдемдесу мақсатында «QazTrade» АҚ өкілдері 2021 жылғы 31 наурызда Атырау облысының өңірлік экспорттық кеңесінің онлайн-отырысына қатысты.
Атырау облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы экспортты ілгерілету мәселелері бойынша кеңес өткізді.
«QazTrade» АҚ Бас директорының орынбасары Әсел Егембердиева мемлекет ұсынып отырған экспорттаушыларды қолдау шараларын, соның ішінде интеграциялық бірлестіктер шеңберінде бизнесті қорғау; ДСҰ және ЕАЭО шеңберінде ұлттық мүдделерді қорғау; шетелдік нарықтардағы саудадағы кедергілерді анықтау, сауда дауларындағы СЭҚ қатысушыларын қолдау; экспорттық акселерация; экспорттаушылар үшін сервистік қолдау шаралары және экспорттаушылар шығындарының бір бөлігін өтеу бөлігінде түсіндірді.
Анықтама:
«QazTrade» АҚ ҚР сауда және интеграция министрлігінің шикізаттық емес өнім экспортын дамыту және ілгерілету жөніндегі уәкілетті операторы. Негізгі міндет-сыртқы нарықтарға бағдарланатын кәсіпорындарды барынша қолдау.