
Бүгін, 2021 жылғы 12 наурызда Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша Жол картасын іске асыру тетіктері мен барысын нақты түсіндіру бойынша кеңес өтті.
Оған ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің өкілдері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар қатысты.
Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуіне жол бермеу мәселесі Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тұрақты бақылауында.
«Жыл басынан бері баға соңғы бес жылда рекордтық 2,8%-ға өсті. Сонымен қатар, шекті бағаны белгілеу мәселесі - бұл қажетті шара, өйткені жағдай шектен шығып кетті. Үстеме баға «жиынтықты» жүреді, осыған байланысты бірқатар өнімдер бойынша бағаның өсуі байқалады, бір мезгілде өндіруші мен делдал және соңғы буын көп табыс тапқысы келеді», - деді Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.
Өз кезегінде, жергілікті атқарушы органдар нормативтік құқықтық актілерді қабылдау мерзімін қысқарту, сондай-ақ бағаны тұрақтандыруды бақылау бойынша өзекті мәселелерді атап өтті.
Бақыт Сұлтанов жергілікті атқарушы органдар тауар өндірушілермен бағаны тұрақтандыру үшін барлық тізбекті жедел және теңгерімді түрде пысықтауы қажет екенін, бұл ретте шекті бағаны белгілеу өнімнің сөреден шығып кетуіне жағдай жасамауы тиіс екенін атап өтті.
Ведомство басшысы кешенді жоспар монополияға қарсы және фискалдық органдармен бірге барлық буындарда қажетті ұйымдастыру шаралары мен баға белгілеуді талдауды көздейтінін түсіндірді, сондай-ақ оларды іске асыру бойынша ұсыныстар берді.
«Жергілікті атқарушы органдар уақытты жіберіп алды, қазір баға бойынша анықтау, келісу тетігін іске қосу және азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша жұмыс жүргізу үшін уақыт бар, - деп аяқтады министр.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР СИМ ҚР АШМ және ҚР БҚДА-мен бірлесіп бағаны тұрақтандыру бойынша Жол картасын әзірледі, бұл туралы 2021 жылғы 11 наурыздағы Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті. Осыған байланысты, Сауда министрлігі мен бірқатар ОМО барлық салдарды әкімшілік тетіктермен жоюға мәжбүр. Ол үшін мемлекет тарапынан бақылауды жүзеге асыру қажет.