Сауда және интеграция министрлігі ЕАЭО мәселелері бойынша онлайн-конференция өткізеді

Сауда және интеграция министрлігі ЕАЭО мәселелері бойынша онлайн-конференция өткізеді

Құрметті достар!

Еуразиялық экономикалық одақтың жұмыс істеуі, сондай-ақ қазақстандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндірушілердің    ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен үшінші елдердің нарықтарына қол жеткізуі мәселелерін түсіндіру мақсатында Сауда және интеграция министрлігі «Ашық диалог» порталында онлайн-конференция өткізуді жоспарлап отыр.

Онлайн-конференция ағымдағы жылдың 26 наурызында сағат 14.30-дан 17.30-ға дейін өтеді.

Сұрақ қоюға болатын белсенді сілтеме қосымша жарияланады.

Онлайн-конференцияның форматы «сұрақ-жауап» нұсқасы болып табылатынына назар аударуыңызды сұраймыз.

Құрметпен,

ҚР сауда және интеграция министрлігінің

баспасөз қызметі

Тел.: 8(7172)74-98-94

www.mti.gov.kz

https://www.facebook.com/mtiqz/

https://t.me/tradenewsQZ