
Осы жылы азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жедел шаралар қабылдау үшін біз Derekhub.kz интернет-платформасын іске қостық. Бұл азық-түлік өнімдеріне деген негізсіз бағалар фактілерін тіркеуге мүмкіндік беретін мониторингтік сайт. Ол әртүрлі көздерден бағаларды біріктіреді, олардың бірі - Dosmart.kz кэшбэк- сервисі.
Dosmart.kz өз кезегінде, платформа пайдаланушылары кэшбэк орнына жіберетін чектерден баға туралы мәліметтерді алады. Әрбір чек үшін кэшбэк-сервис сатып алу сомасынан 1% дейін сыйақы төлеуге дайын.
Сонымен бірге, әзірлеушілер Қазақстанның 20 қаласында азық-түлік тауарларының бағаларын іздеу және салыстыру сервисімен жұмыс істеуде.
Біз азаматтарды Dosmart.kz сайтына чектер жіберуге белсенді қатысуға шақырамыз. Осылайша, қосымша табыс алуға және азық-түлік бағасының өсуін тұрақтандыруға әсер ете аласыз.
Құрметпен, ҚР Сауда және интеграция
министрлігінің
баспасөз қызметі
Тел.: 8 (7172)74-98-94
www.mti.gov.kz
https://www.facebook.com/mtiqz/
Құрметті әріптестер, журналистер, сіздердің назарларыңызға «Trade news ы Сауда жаңалықтары: Қазақстан + әлем» телеграм-арнасын ұсынамыз: https://t.me/tradenewsQZ
Онда сауда және экспорт туралы қазақстандық және әлемдік жаңалықтар орналастырылады, сол арқылы Қазақстан экономикасына әсер ететін әлемдік тенденциялар мен байланыстарды бақылауға болады. Бұл сізге барлық болып жатқан үдерістерден хабардар болуға, сондай-ақ аналитика, баяндамалар мен мақалалар дайындауға көмектеседі деп сенеміз.