QazTrade Түркістан облысының экспорттаушыларының сұрақтарына жауап берді

QazTrade Түркістан облысының экспорттаушыларының сұрақтарына жауап берді

Түркістанда биылғы жылы Өңірлік экспорттық кеңестің (ӨЭҚ) бірінші отырысы өтті. Оған экспортқа бағдарланған 60-қа жуық компания, облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев,  ҚР СИМ «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Бас директоры Азамат Асқарұлы, KazakhExport компаниясының өкілдері қатысты.

«QazTrade» басшысы Азамат Асқарұлы өңірдің экспорттаушы кәсіпорындарына экспорттаушылар үшін «бір терезе» аясында  жаңа мүмкіндіктерін ұсынып, экспортты қолдау бөлігінде мемлекет жоспарлаған шаралар туралы айтып берді.

«Осы жылдан бастап QazTrade шикізаттық емес өнімдер экспортын дамыту мен ілгерілету жөніндегі негізгі институтына айналды. Біз отандық өнім өндірушілерге компанияны диагностикалауды және оның экспорттық мүмкіндіктерін бағалаудан бастап, жоғары сапалы аналитикалық және консалтингтік қызметтерге дейінгі қаржылық емес қолдаудың барлық қажетті спектрін қалыптастырдық.Қаңтар айынан бастап біз Экспорттаушылардың шығындарын өтеуге өтінімдер қабылдауды бастадық. Енді кәсіпкерлерге көптеген ұйымдарға жүгінудің қажеті жоқ: барлық қызметтер біздің export.gov.kz порталында шоғырланған»,- деді Асқарұлы.

Түркістан облысының кәсіпорындары қазірдің өзінде QazTrade-пен белсенді ынтымақтастық орнатуда. 2019-2020 жылдары Alibaba платформасында аймақтағы үш компания («Дала-Жеміс» ЖШС, «Асыл-ЛТД» ЖШС, «Сейітбек Хүлеті» ЖШС) «Алтын аккаунтқа» ие болды. 2020 жылы облыстың 13 экспорттаушы компаниясы шығындарының бір бөлігі үшін 271 млн.теңге көлемінде өтемақы алды.

Облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің айтуынша, өңірде машина жасау, металлургия, тамақ, жеңіл, фармацевтика және ағаш өңдеу салаларында жұмыс істейтін 40-тан астам белсенді экспорттаушы компаниялар жұмыс істейді. «Өткен жылы ковидтік тыйымдар біздің облысымыздың экспортына кері әсерін тигізді. Экспорттың жалпы көлемінде өңделген тауарлардың жоғары үлесін ұстап тұруымыз өте маңызды - қазір бұл шамамен 50% құрайды»,- деп хабарлады Мырзалиев. Әкімнің орынбасары «экспорттаушыларды қолдау жөніндегі мемлекеттік шаралардың кеңеюі және олардың бір терезеде шоғырлануы аймақтағы өндірушілерге айтарлықтай қолдау көрсетеді деген сенім білдірді. Бұл, ақыр аяғында, экспорттық желіні кеңейтіп, сыртқы нарықтағы біздің өнім көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді ».

2020 жылдың қаңтар-қараша айларында Түркістан облысының экспорты 494,6 млн АҚШ долларын құрады, ал шикізаттық емес экспорт көлемі 352,3 млн АҚШ долларын немесе барлық экспорттың 71%  құрады. 11 ай ішінде шикізаттық емес экспорттың өсуі 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,2% құрады.

Азамат Асқарұлы кәсіпкерлерге QazTrade-тің экспорттаушылар үшін барынша ашық екенін айтты. @exportgov телеграмм- арнасы эуспорттаушылар үшін 24/7 бойы жұмыс істейді, онда кеңес алуға, ұсыныстар беруге немесе компаниялардың сыртқы нарыққа шығу барысында кездесетін тосқауылдар  мен кедергілер туралы айтуға болады. «QazTrade барлық туындаған проблемалық жағдайларға барынша жедел жауап беріп , тез арада шешу үшін қажетті шараларды қабылдайды », - деп мәлімдеді.

QazTrade қатысуымен өтетін Өңірлік экспорттық кеңестердің басты міндеті - кәсіпкерлердің экспортты дамыту институтымен тікелей байланысын қамтамасыз ету және әр аймақтың экспортын қолдаудың ерекше тәсілін қалыптастыру.

«Жыл ішінде әр аймақта біз бірнеше рет Өңірлік экспорттық кеңес (ӨЭК) отырыстарын өткіземіз. Осындай кездесулердің нәтижесінде әр өңірдің мамандануын ескере отырып, өңірлік экспорттық стратегияларды әзірлеу болады», - деді «QazTrade «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Бас директоры Азамат Асқарұлы.

 

Мемлекет басшысы Қазақстанның шикізаттық емес экспортын (тауарлар мен қызметтерді) 2025 жылға қарай 41 млрд АҚШ долларға жеткізу міндетін қойды. 2020 жылдың 11 айында Қазақстаннан өңделген тауарлардың экспорты 13,9 млрд АҚШ долларын құрап, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,4% төмендеді.