Бизнес Сауда және интеграция министрлігінен көмек сұрайды

Бизнес Сауда және интеграция министрлігінен көмек сұрайды

Бүгін Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Алматы облысына жұмыс сапары аясында бизнес қауымдастықпен, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктермен және аккредиттеу субъектілерімен кездесу өткізді.

Кәсіпкерлер мен қоғам белсенділері министр Б. Сұлтановқа өзекті мәселелерді және оларды шешу жөніндегі өз бастамаларын айтты.

Мысалы, «Сарша» ЖШС сынақ зертханасының өкілі әкелінетін цемент сапасы тақырыбын көтерді. «Көп жылдар бойы әкелінетін цементтің сапасы өткір мәселе болып отыр, - деді министрге компания өкілі. – «QazCem» Цемент және бетон өндірушілер қауымдастығы Техникалық реттеу және метрология комитетімен бірлесіп, цементтің сәйкестігін растау бойынша ұлттық стандартты әзірлеу арқылы осы шешіммен ұзақ уақыт бойы жұмыс істеді.

Биыл Қазақстан Республикасының стандартын енгізудің арқасында «QazCem» қауымдастығының бастамасы бойынша сертификатталмаған өнім көлемі 95%-ға дейін төмендеді, ал импорт көлемі 3 есеге жуық төмендеді».

Біз «QazCem» Цемент және бетон өндірушілер қауымдастығының ұстанымын қолдаймыз және министрден цемент нарығына және «Техникалық реттеу туралы» жаңа заңды іске асыру шеңберінде жалғандықты анықтауға назар аударуды сұраймыз.