
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін 2021 жылға арналған жыл сайынғы аккредиттеуді өткізеді.
Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн аккредиттеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1089 қаулысымен бекітілген Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу ережесiне (бұдан әрі – Ереже) сәйкес жүзеге асырылады.
Аккредиттеуге құжаттарды қабылдау 2020 жылғы 22 желтоқсан және 2021 жылғы 5 қаңтар аралығында (жұмыс күндері сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін), Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8 мекен-жайы бойынша орналасқан «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимаратының 4 кіреберісінде, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің кеңсесінде жүргізіледі. Анықтама телефондары: +7 (7172) 74-98-97,
8 702 111 23 99.
Аккредиттеу алу үшiн өтiнiш берушi мынадай құжаттарды ұсынады:
*Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгiзiлгенге дейiн берiлген заңды тұлғаны (филиалды, өкiлдiктi) мемлекеттiк (есептiк) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейiн жарамды болып табылады.
3) бiрлестiк мүшелерiнiң тiзiмi.
Өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталған сәттен бастап 15 жұмыс күнi iшiнде:
Министрлік тиiстi шешiм қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде аккредиттеу туралы куәлiкті немесе себептерін негiздей отырып аккредиттеуден бас тарту туралы жазбаша хабарламаны бiрлестiкке ұсынады.
Егер:
1) берiлген құжаттар Ереженің 2, 4 және 7-тармақтарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда;
2) бiрлестiк өз мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi қызметтi жүзеге асырмаған жағдайда;
3) ұсынылған құжаттарда сенiмсiз немесе толық емес мәлiметтер болған жағдайда аккредиттеуден бас тартылуы мүмкiн.
Аккредиттеу туралы куәлiк 3 жыл мерзімге берiледi.
Министрлікте қатарынан екі реттен көп аккредиттелген бірлестіктер аккредиттеу туралы куәлікті мерзімсіз негізде алады.