
2020 жылғы 9 қазанда ҚР Сауда және интеграция Вице-министрі Қ. Төребаевтың төрағалығымен ҚР-ЕО сауда конфигурациясындағы жыл сайынғы 4-отырысы өтті. Еуропалық тараптың тең төрағасы «Оңтүстік көршілер, Орта Шығыс, Түркия, Ресей және Орталық Азия» Департаменті басшысының міндетін атқарушы Т.Хаммарен мырза болды. Отырысқа ҚР мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.
Отырыста тараптар сауда және инвестициялар, санитарлық және фитосанитарлық мәселелер, ауыл шаруашылығы техникасына «кәдеге жарату алымы», Ресей Федерациясы арқылы тауарлар транзиті және т. б. мәселелерді талқылады. Отырыстың қорытындысы бойынша Еуропалық қоғамдастықпен одан әрі ынтымақтастық үшін хаттама дайындалды.