Сауда және интеграция министрі Б. Сұлтановтың салалық кездесуінің қорытындысы бойынша ҮЕҰ ұсынымдары (24.11.2020 ж., ІХ Азаматтық форум)

Сауда және интеграция министрі Б. Сұлтановтың салалық кездесуінің қорытындысы бойынша ҮЕҰ ұсынымдары  (24.11.2020 ж., ІХ Азаматтық форум)

Экспортты ілгерілету мәселелері

 

- ҚР Сауда және интеграция министрлігі жанынан немесе қолданыстағы институттар базасында экспортқа тыйым салу/рұқсат беру мәселелерін реттеу мақсатында шикізатпен қамтамасыз ету орталығын құру мәселесін қарастыру (Беллесбумпром үлгісімен)

 

Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануын енгізу

 

- ҚР Сауда және интеграция министрлігі таңбалауға жататын тауарлар тізбесі бойынша Қазақстан тұтынушыларының ұлттық қауымдастығының ұсынымдарын ескеру

 

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау

 

- ҚР Сауда және интеграция министрлігі ТҚҚ жөніндегі біріккен ұйыммен Меморандум жасау;

- ҚР Сауда және интеграция министрлігі АҚДМ-мен бірлесіп гранттар мен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды бөлу тетіктерін қайта қарау арқылы тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ҮЕҰ-ны тікелей қаржыландыру мәселесін пысықтау;

- ҚР Сауда және интеграция министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстан Тұтынушыларының ұлттық қауымдастығына әртүрлі салалардағы мамандарды тарта отырып, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасы мен қауіпсіздігіне сараптама жүргізу құқығын беру мүмкіндігін қарастыру;

- ҚР Сауда және интеграция министрлігі тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, ауылдық жерлерде тұратын тұтынушылар мен бизнес субъектілері үшін «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының нормаларын түсіндіру бойынша онлайн-семинарлар ұйымдастыру ұсынылды.

____________________