
Ертең CIIE-2020 3-ші Шанхай импорттық көрмесінде Қазақстан павильонының ресми ашылу салтанаты өтеді.
Сағат 10.00-10.30-да ҚР бизнес павильонының ашылуы өтеді, оның аясында ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов отандық өнімнің қатысушылары мен әлеуетті сатып алушылары алдында сөз сөйлейді. Ашылу салтанатында ҚР-ның ҚХР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ғабит Қойшыбаев құттықтау сөз сөйлейді.
Сағат 13.00-13.30-да PricewaterhouseCoopers (ПрайсуотерхаусКуперс) халықаралық консалтингтік компаниясының павильоны алаңында қазақстандық экспорттық акселератор бағдарламасының тұсаукесері өтеді, оның шеңберінде ҚР консулы Арнұр Қасымбеков, ҚР Сауда және интеграция вице-министрі А. Асқарұлы, PricewaterhouseCoopers экспорттық акселерация бағдарламасы серіктес компанияларының өкілдері сөз сөйлейді деп жоспарлануда.
Трансляцияны мына сілтеме бойынша көруге болады:
Сілтеме: https://meeting.tencent.com/s/5OJioltfrpcw
Кездесу ID: 135 354 017
Кездесу паролі: 202011
Voov meeting қосымшасын жүктеу сілтемелері:
PC https://voovmeeting.com/
iOS https://apps.apple.com/kz/app/voov-meeting/id1497685373
Android https://play.google.com/store/apps/details?id=com.tencent.voov