
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 293-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізілді.
Бұйрықтың жобасы цифрлық ортада қоғамдық қатынастарды реттеудің бірыңғай тұжырымдамалық аппараты мен құқықтық режимі белгіленген Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінің қабылдануына байланысты әзірленді.
Осыған байланысты, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 293-НҚ бұйрығын пайдаланылатын терминалогияны өзектендіру арқылы Қазақстан Республикасының цифрлық кодексіне сәйкес келтіру қажет.
Бұйрық жобасын қабылдаудың мақсаты Қазақстан Республикасының цифрлық кодексіне сәйкес келтіру және құқық қолдану практикасының біркелкілігін қамтамасыз ету болып табылады. Күтілетін нәтиже-құқықтық реттеудің мәнін өзгертпестен «Цифрлық жүйе» дұрыс терминін қолдану.
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі «Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 293-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығының жобасын ашық нормативтік-құқықтық актілер порталын жариялады, онда 2026 жылдың 17 ақпанынан 2026 жылдың 4 наурызына дейін осы жобаның қоғамдық талқылауы өтеді. Сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15765771