Арман Шаққалиев жаңа Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысын өткізді

Арман Шаққалиев жаңа Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысын өткізді

ҚР Сауда және интеграция министрлігінде министр Арман Шаққалиевтің қатысуымен Сауда мен интеграцияны дамыту мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің жаңартылған құрамының алғашқы отырысы өтті. Отырыс гибрид форматта ұйымдастырылып, Қоғамдық кеңестің 15 мүшесі қатысты.

Отырыста Арман Шаққалиев Қоғамдық кеңестің жаңа мүшелерін таныстырып, министрліктің қызметі бойынша қысқаша есеп берді. Министрдің айтуынша, сауда саласы ел экономикасының жүйеқұраушы салаларының бірі. Сауда - жалпы ішкі өнімнің 19 пайызын қалыптастырады және өнеркәсіп секторынан кейін екінші орында тұр. Бұл салада 832,5 мың бизнес субъектісі шоғырланған, бұл жалпы санның 35 пайызын құрайды, сондай-ақ шамамен 1,6 миллион адам жұмыспен қамтып отыр.

«2025 жылдың қорытындысы бойынша сауда көлемінің нақты индексі жоспарланған 107 пайыздың орнына 108,9 пайызды болды. Сауда саласына тартылған инвестициял 1 229 млрд теңгеге жетіп, жоспардан асып, 41,2 пайыз өсімді көрсетті. Ішкі тауар айналымы 14,6 пайызға артып, 2024 жылғы 69,7 трлн теңгеден 79,9 трлн теңгеге дейін өсті», - деп атап өтті Арман Шаққалиев.

Отырыс барысында Қоғамдық кеңестің қызметіне қатысты ұйымдастырушылық мәселелер қаралды. Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереженің 53-тармағына сәйкес ашық дауыс беру нәтижесінде Сауда және интеграцияны дамыту мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы болып өзін-өзі ұсынған Руслан Михайлович Шаекин бірауыздан сайланды. Сонымен қатар Қоғамдық кеңестің ережесі бекітілді.

Арман Шаққалиев Қоғамдық кеңестің жаңартылған құрамына бөлшек және көтерме сауда, тамақ өнеркәсібі, метрология, IT және басқа да бағыттардағы тәжірибелі әрі беделді сарапшылар енгенін атап өтті. Министрдің айтуынша, осындай кәсіби және теңгерімді құрам тиімді әрі нәтижелі жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді.

Министр ведомствоның Қоғамдық кеңеспен ашық, айқын және сындарлы өзара іс-қимылға, сондай-ақ саланы дамытудың негізгі мәселелері бойынша бірлесіп талқылау жүргізіп, шешімдер әзірлеуге дайын екенін жеткізді.