
«Тауарлардың Ұлттық каталогын жүргізу, сондай-ақ ондағы тауарларды тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция Министрінің 2025 жылғы 31 шілдедегі № 232-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізілді.
Бұйрықтың жобасы цифрлық ортада қоғамдық қатынастарды реттеудің бірыңғай тұжырымдамалық аппараты мен құқықтық режимі белгіленген Қазақстан Республикасының цифрлық кодексінің қабылдануына байланысты әзірленді.
Осыған байланысты «Тауарлардың ұлттық каталогын жүргізу, сондай-ақ онда тауарларды тіркеу қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 31 шілдедегі № 232-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция Министрінің бұйрығын пайдаланылатын терминалогияны өзектендіру жолымен Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне сәйкес келтіру қажет.
Осыған байланысты «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының көрсетілген нормасына сәйкес келтіру мақсатында тауарды электрондық сауда алаңдарында орналастыру кезінде Тауарлардың ұлттық каталогының сәйкестендіру кодының болуын көздеу қажет.
Бұйрық жобасын қабылдаудың мақсаты Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне сәйкес келтіру және құқық қолдану практикасының біркелкілігін қамтамасыз ету болып табылады. Күтілетін нәтиже құқықтық реттеудің мәнін өзгертпестен «Цифрлық жүйе» дұрыс терминін қолдану.
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі «Тауарлардың ұлттық каталогын жүргізу, сондай-ақ ондағы тауарларды тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция Министрінің 2025 жылғы 31 шілдедегі № 232-НҚ бұйрығының жобасын ашық нормативтік-құқықтық актілер порталын жариялады, онда 2026 жылдың 5 ақпанынан 2026 жылдың 20 ақпанына дейін осы жобаның қоғамдық талқылауы өтеді. Сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15754671