Жария талқылау туралы

Жария талқылау туралы

Қазақстан Республикасында Сауда және интеграция министрінің жаңа «Сәйкестікті бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 29 маусымдағы № 433-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасы әзірленді.

«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының 4-тармағына сәйкес тауарлар тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы сыныптауышына сәйкес сыныпталуға және Ұлттық тауарлар каталогына сәйкес бірыңғай атауға және сәйкестендіру кодына ие болуға тиіс.

Көрсетілген нормаға сәйкестікке келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда және интеграция министрінің «Сәйкестікті бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 29 маусымдағы № 433-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасын әзірледі.

Бұйрықтың негізгі мақсаты – сәйкестік туралы декларацияны тіркеуге өтінімде Ұлттық тауарлар каталогының сәйкестендіру кодының болуын қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда және интеграция министрінің «Сәйкестікті бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 29 маусымдағы № 433-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасын ашық нормативтік құқықтық актілер порталына орналастырды, онда 05.01.2026 жылдан 20.01.2026 жылға дейін осы жобаның қоғамдық талқылауы өтеді https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15720834 .