
Қазақстан Республикасында Сауда және интеграция министрінің жаңа «Ішкі сауданың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығының жобасы әзірленді.
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының 4-тармағына сәйкес тауарлар тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы сыныптауышына сәйкес сыныпталуға және Ұлттық тауарлар каталогына сәйкес бірыңғай атауға және сәйкестендіру кодына ие болуға тиіс.
Көрсетілген нормаға сәйкестікке келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының «Ішкі сауданың қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығының жобасын әзірледі.
Бұйрықтың негізгі мақсаты – Ұлттық тауарлар каталогында тіркелген барлық тауарлар үшін бірыңғай атаудың және сәйкестендіру кодының енгізілуін қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Ұлттық экономика министрінің «Ішкі сауданың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығының жобасын ашық нормативтік құқықтық актілер порталына орналастырды, онда 05.01.2026 жылдан 20.01.2026 жылға дейін осы жобаның қоғамдық талқылауы өтеді https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15720819.