Жария талқылау туралы

Жария талқылау туралы

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі
Сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында демпингке қарсы баж төлемей Қытай Халық Республикасынан шыққан титан диоксидін және алюминий фольгасын әкелуге сан жағынан шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі бұйрықтарының жобаларын (бұдан әрі – Бұйрықтар жобалары) ресми интернет-ресурста және «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылғаны туралы хабарлайды.

Бұйрықтар жобалары «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 3-тармағына, «Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 5) тармақшасына және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2025 жылғы 14 қазандағы № 96 және
№ 97 шешімдеріне сәйкес әзірленді.

Бұйрықтар жобаларының негізгі мақсаты – сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында демпингке қарсы баж төлемей Қытай Халық Республикасынан шыққан титан диоксидін және алюминий фольгасын әкелуге сан жағынан шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидаларын бекіту болып табылады.

Жоба 05.01.2026 ж. бастап 20.01.2026 ж. дейін «Ашық НҚА» интернет-порталында талқылануда (сілтеме:
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15731624
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15731628 ).