
26 қазанда Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Орталық коммуникациялар қызметінде (ОКҚ) өткен брифингте сөз сөйледі.
Ол сауда ведомствосының еліміздің Президентінің қыркүйек айындағы Жолдауын іске асырудағы рөлі туралы, Сауда және интеграция министрлігінің міндеттері неде екенін, сондай-ақ цифрландыру қазақстандықтарды бағаны тұрақтандырудың жалпы процесіне тартуға қалай көмектесетіні туралы түсіндірді.
- Баға мониторингінің тұтас жүйесін құру бойынша жұмыс жүргізудеміз, - деді министр. - Мұнда біз нақты уақыттағы бағаларды бақылауға көмектесетін 4 дерек көзін қарастырудамыз.
Жүйенің тіркелген пайдаланушыларының саны 28 мыңға жетті. Жыл соңына дейін Қазақстанның барлық қалаларына тауарлар каталогын ұлғайту және әртүрлі дүкендердегі белгілі бір тауарға бағаларды салыстыру мүмкіндігі жоспарланып отыр. Пайдаланушыларға ақпаратты ұсынғаны үшін кэшбек қамтамасыз етіледі.
Бұл тұтынушыларға тауарлардың, әсіресе ӘМАТ-дың үздіксіз жеткізілуіне кепілдік береді, сондай-ақ бағаларды теңдестіруге, ал жекелеген өнімдер бойынша тіпті 45%-ке дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Тұтынушылар туралы айта отырып, Мемлекет басшысы халықтың әл-ауқатының маңызды аспектілерінің бірі ретінде тауарлар мен қызметтердің сапасын арттыру мәселесіне үлкен назар аударатынын атап өткен жөн.