ҚР Сауда және интеграция министрлігі көтерме-тарату орталықтарының мәселелері бойынша интернет-конференция өткізеді

ҚР Сауда және интеграция министрлігі көтерме-тарату орталықтарының мәселелері бойынша интернет-конференция өткізеді

Құрметті достар!

Сауда және интеграция министрлігі үшін сіздермен кері байланыс орнату өте маңызды.

Көтерме-тарату орталықтарының мәселелері бойынша қазақстандықтардың пікірлерін зерделеу және түсіну үшін ағымдағы жылғы 8 қазанда сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін «Ашық диалог» порталында Интернет-конференция өткізіледі, оның барысында сіз Сауда-көрме қызметі және мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының басшысы Асем Ануарбекқызы Утепбаеваға қызықтырған сұрақтарды қоя аласыз.

«Ашық диалог» порталындағы интернет-конференция «сұрақ-жауап» форматы бойынша өткізіледі, байланыстың аталған түрі бейнеконференция болып табылмайды!

 

Интернет-конференцияға қатысу үшін 8 қазанда сағат  9.00-де https://dialog.egov.kz/conference/1423 сілтемесі бойынша өтуіңізге болады.

 

Интернет-конференцияға қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!