Министрлік жылына екі рет Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға арналған конкурсқа қатысу мақсатында ұсынымдар беру үшін біліктілік іріктеуін жариялайды.
Біліктілік іріктеу тәртібі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 4 шілдедегі № 280-НҚ бұйрығымен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу қағидаларына сәйкес өткізеді.
Біліктілік іріктеуі ЕЭК өткізетін бос лауазымдарға орналасу үшін конкурстық іріктеуге қатысуға ниет білдірген Қазақстан Республикасының азаматтары ішінен жүзеге асырылады.
18 жасқа толған азаматтардың конкурсқа қатысуға құқығы бар.
Конкурсқа қатысу үшін ниет білдірушілер тиісті құжаттарды «Іріктеуге қатысу» деген белгімен a.argyn@mti.gov.kz электрондық адресіне жолдаулары қажет болды.
Биыл алғашқы біліктілік іріктеуі ақпан айында өтті.
Екінші жартыжылдықта құжаттар мен өтініштерді кезекті қабылдау 2025 жылғы 5 шілдеден басталды және 2025 жылғы 31 тамызда аяқталды.
Келесі біліктілік іріктеуі 2025 жылғы ақпанның басында өтеді.