
Бүгін Сауда және интеграция министрлігінде ведомство басшысы Бақыт Сұлтанов Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Павел Утюпинмен кездесті.
Тараптар Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайын талқылады, сондай-ақ сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан - Беларусь Үкіметаралық комиссиясының (бастамашы - Беларусь тарапы) кезекті отырысына дайындық шеңберінде өздерінің жұмысын үйлестірді.
Екі Тарап үшінші елдердің нарықтарына шығу үшін экономикалық интеграцияны тереңдетуге және ынтымақтастыққа қызығушылық білдірді.
«Біздің алдымызға мемлекеттеріміздің президенттері қойған басты міндет – өнеркәсіптік кооперацияны күшейту. Осы салада неғұрлым тығыз ынтымақтастық орнату қажет. Оның үстіне, Қазақстан мен Беларусь арасында мұндай кооперацияның жақсы мысалдары бар», - деді Бақыт Сұлтанов.
Тараптар өңіраралық ынтымақтастықты да талқылады.