«Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 22 маусымдағы және № 242-НҚ «Сауда нарықтарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын, аумақты күтіп-ұстауға, сауда нарығын жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Осы өзгерістер мен толықтырулар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға белгілеу тізбегіндегі өнімсіз делдалдық буындарды жояды, сондай-ақ «Сауда қызметін реттеу туралы»
ҚР Заңының 1-бабының 27-тармағына сәйкес сауда объектісінің, уақытша сауданың-тауарлармен бөлшек сауданың, рор-up нүктелерінің жаңа ұғымдары енгізіледі.
Бұдан басқа, сөре кеңістігінде жалпы сауда алаңының және (немесе) сөре кеңістігінің кемінде отыз пайызын орналастыру жөніндегі талап азық-түлік емес тауарларға да қолданылатын болады.
«Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 22 маусымдағы және № 242-НҚ «Сауда нарықтарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын, аумақты күтіп-ұстауға, сауда нарығын жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрық жобасы жарияланып, 2025 жылдың 26 тамызынан бастап 2025 жылддың 31 тамызынан дейін "Ашық НҚА" порталында осы жобаны жария талқылау өтеді (сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15586586 ).