СИМ қаулысының жобасын жария талқылау туралы

СИМ қаулысының жобасын жария талқылау туралы

ҚР СИМ Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 7-бабының 15-12) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2025 жылдың 18 шілдедегі № 215-VIII ЗРК «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкестендіру мақсатында «Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрінің 2025 жылдың 31 шілдедегі № 232-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» («Тауарлардың ұлттық каталогын жүргізу ережелерін, сондай-ақ ондағы тауарларды тіркеуді бекіту туралы») бұйрық жобасын (бұдан әрі – Бұйрық) әзірледі.

Негізгі мақсаты: Бұйрықты қабылдау Тауарлардың ұлттық каталогын құру, жұмыс істеу және ондағы тауарларды тіркеу тәртібін Заңды ескере отырып анықтауға мүмкіндік береді.
МТИ РК «Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрінің 2025 жыдың 31 шілдедегі № 232-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» («Тауарлардың ұлттық каталогын жүргізу ережелерін, сондай-ақ ондағы тауарларды тіркеуді бекіту туралы») Бұйрық жобасын ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 2025 жылдың 7-ші тамызынан 22-ші тамызына дейін жалпыға бірдей талқылауға қойды: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15571071