СИМ қаулысының жобасын жария талқылау туралы

СИМ қаулысының жобасын жария талқылау туралы

«Электрондық үкімет» порталындағы «Ашық үкімет», «Ашық НҚА» бөлімінде көпшілік талқылауына Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Шығарылған еліне қарай акциздеуге жататын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» қаулысының жобасы орналастырылғанын хабарлаймыз.
Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің 536-бабының ережелеріне сәйкес нормативтік құқықтық актілерді үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің осы қаулы жобасымен (бұдан әрі – Жоба) шығарылған еліне қарай акциздеуге жататын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидалары қайта бекітіледі.
Жоба бизнес үшін қосымша әкімшілік немесе қаржылық жүктемелерді көздемейді.
Барлық мүдделі тараптар жоғарыда аталған қаулы жобасын талқылауға келесі сілтеме арқылы қатыса алады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15571032