Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрлігі жаңа нормативтік құқықтық актінің – әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлардың тізбесіне енгізілген биржалық тауарлармен сауданы жүзеге асыратын тауар биржаларын конкурстық негізде айқындау қағидаларының қабылданғаны туралы хабарлайды.
Құжат Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 24 шілдедегі № 216-НҚ бұйрығымен бекітілген және белгіленген тәртіппен әділет органдарында тіркелген.
Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.
Өтінімдерді қабылдаудың басталу күні, қатысу мерзімдері мен шарттары туралы ақпарат Сауда және интеграция министрлігінің ресми интернет-ресурсында қосымша жарияланатын болады.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы қол қойды (https://www.akorda.kz/ru/glavoy-gosudarstva-podpisan-zakon-po-voprosam-birzhevoy-torgovli-i-predprinimatelstva-301165) "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биржалық сауда және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"Қазақстан Республикасының Заңы.