ҚР Сауда және интеграция министрлігі «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ резервтерді қалыптастыру және олар бойынша актуарлық есеп айырысуларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2024 жылғы 29 наурыздағы № 160-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығының жобасын ресми интернет-ресурста және «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастыру туралы хабарлайды
Бұйрықтың жобасы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2024 жылғы 29 наурыздағы № 160-НҚ бұйрығымен бекітілген Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ резервтерді қалыптастыру және олар бойынша актуарлық есеп айырысуларды жүргізу қағидаларын жетілдіру және сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
Жобаның негізгі мақсаты-ЭКА алқалы органдары қызметінің қайталануын болдырмау, қазақстандық экспорттың қолдауымен осындай ұйымдармен іскерлік қатынастар орнату мүмкіндігін кеңейту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына және қолданыстағы ережелерге сәйкес келтіру.
Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарға әкеп соқпайды.
Жоба «Ашық НҚА» интернет-порталында 14.07.2025 ж. - мен 25. 07.2025 ж. бойынша талқыланады. (сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15553843 ).