
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі
«Сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында демпингке қарсы баж төлемей Жапониядан шыққан, пайдалануда болған құйылған алюминий доңғалақ дискілерін әкелуге сан жағынан шектеулерді (квоталарды) бөлу және оларды бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі бұйрығының жобасының (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) ресми интернет-ресурста және «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылғаны туралы хабарлайды.
Бұйрық жобасы «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 3-тармағына, «Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 5) тармақшасына және «Жапониядан, Таиланд Корольдігінен, Түрік Республикасы мен Малайзиядан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін доңғалақтардың құйылған алюминий дискілеріне қатысты демпингке қарсы бажды енгізу арқылы демпингке қарсы шараны қолдану туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 14 қаңтардағы № 7 шешіміне сәйкес әзірленді.
Бұйрық жобасының негізгі мақсаты – сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында демпингке қарсы баж төлемей Жапониядан шыққан, пайдалануда болған құйылған алюминий доңғалақ дискілерін әкелуге сан жағынан шектеулер (квоталар) көлемін бөлу және оларды бөлу қағидаларын бекіту болып табылады.
Жоба 12.06.2025 ж. бастап 26.06.2025 ж. дейін «Ашық НҚА» интернет-порталында талқылануда (сілтеме:https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15540099).