ҚР СИМ бұйрығының жобасын орналастыру туралы

ҚР СИМ бұйрығының жобасын орналастыру туралы

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің  ««Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына және «Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын, сауда базарының аумағын күтіп-ұстауға, оны жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 22 маусымдағы № 242-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығы жобасының ресми интернет-ресурста және «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылғаны туралы хабарлайды.

Бұйрық жобасы Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының ережелеріне сәйкес келтіру мақсатында, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауарлардың шығарылған елін айқындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру шеңберінде – «отандық» сөздерін «Қазақстанда шығарылған» деген сөздерге  ауыстыру бөлігінде әзірленді.

Бұйрық жобасының негізгі мақсаты – нормативтік құқықтық актіні Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестікке келтіру, атап айтқанда «Құқықтық актілер туралы» Заңға – құқықтық нақтылықты қамтамасыз ету үшін және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауарлардың шығарылған елін айқындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға – тауарлардың шығу тегіне байланысты құқықтық реттеуді нақтылау мақсатында.

Жоба 05.06.2025 ж. бастап 19.06.2025 ж. дейін «Ашық НҚА» интернет-порталында талқылануда (сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15536534).