Сауда министрлігі әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарларға қатысты жаңа бұйрық жобасын көпшілік назарына ұсынды

Сауда министрлігі әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарларға  қатысты жаңа бұйрық жобасын көпшілік назарына ұсынды

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі «Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 Жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 70-6) тармақшасын іске асыру мақсатындаҚазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы», «әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген биржалық тауарлармен сауданы жүзеге асыратын тауар биржаларын конкурстық негізде айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығының жобасын 2025 жылдың 30 мамырдан 16 маусымына дейін «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылауға қойылады (сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15534457).