Демпингке қарсы, өтемақы және арнайы қорғау шаралары (бұдан әрі-сауда шаралары)
20 демпингке қарсы шаралар мынадай тауарларға қатысты қолданылады:
Украина-дан шыққан болат құбырлардың кейбір түрлері, тот баспайтын құбырлар, илектеу орамды, болат бұрыштары, ферросиликомарганец;
ҚХР-дан шыққан полимерлі жабындысы бар металл прокаты, ыстықтай деформацияланған жіксіз құбырлар, ас үй және асхана аспаптары, шынжыр табанды бульдозерлер, жүк шиналары, домалау мойынтіректері, құйылған дөңгелек дискілер, тоттануға төзімді болаттан жасалған дәнекерленген құбырлар, табақ серіппелері;
Украина мен ҚХР-дан шыққан мырышталған илек;
ҚХР мен Малайзиядан шыққан суық деформацияланған жіксіз құбырлар;
Әзірбайжан мен ҚХР-дан шыққан алюминий таспасы;
Үндістаннан шыққан графиттелген электродтар,
ЕО-дан шыққан гербицидтері.
Келесі тауарларға қатысты 10 демпингке қарсы тергеу жүргізілуде:
Украинадан шыққан болат құбырлар, тот баспайтын құбырлар кейбір түрлері;
ҚХР-дан шыққан меламин, жүк шиналары, шынжыр табанды бульдозерлер, алюминий ыдыс, диаметрі 520 мм аспайтын графиттелген электродтар;
Өзбекстаннан шыққан жоғары тығыздықты бастапқы полиэтилен.
Осы тауарлар бойынша қызығушылық болған жағдайда және қосымша ақпарат үшін Сыртқы сауда қызметі департаментінің Қорғау шаралары басқармасының қызметкерлеріне келесі байланыс деректері бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: 74-29-86, 74-36-87, 74-37-36.