УӘКІЛЕТТІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОПЕРАТОРЛАР БОЙЫНША АҚПАРАТ
ЕЭО кедендік заңнамасына енгізілген өзгерістерді ескергенде Қазақстан Республикасында уәкілетті экономикалық операторлар (бұдан әрі – УЭО) институты айтарлықтай озгерді, 3 типті куәлікке бөлінетін болады және төмеңгі тәуекел деңгейіне жатады.
1-типті куәлік– оңайлату ЕАЭО барлық аумағында қолданылатын тауарларды тасымалдаумен байланысты;
2-типті куәлік – оңайлату мұндай куәлікті берген мүше мемлекеттің аумағында ғана қолданылатын тауарларды кедендік декларациялаумен және сақтаумен байланысты;
3-типті куәлік – 1 және 2-тип бойынша оңайлатулар кешені.
1 ТИПТІ КУӘЛІКТІ БЕРІЛУІМЕН УЭО ТІЗІЛІМІНЕ ЕНГІЗУ ШАРТТАРЫ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ
1) УЭО тізіліміне енгізу туралы өтініш (бұдан әрі осы тарауда – өтініш) уәкілетті органда тіркелген күнге дейін осы заңды тұлғаның СЭҚ, кеден өкілі, уақытша сақтау қоймасының, кеден қоймасының иесі ретінде кеден ісі саласындағы қызметті кемінде 3 жыл жүзеге асыруы не кедендік тасымалдаушы ретінде қызметті кемінде 2 жыл жүзеге асыруы, бұл аралықта:
тауарларды тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша қызметті қоспағанда, СЭҚ жүзеге асыратын тұлғалар әрбір жыл үшін саны кемінде он тауарға декларация береді немесе ЕЭО кедендік шекарасы арқылы өткізілген тауарлардың жиынтық құны әрбір жыл үшін, 500 мың еуроға баламалы сомадан кем болмайтын шаманы құрайды;
тауарларды тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар әрбір жыл үшін кемінде 250 транзиттік декларация береді;
кеден өкілі ретінде кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар әрбір жыл үшін саны кемінде 200 кедендік декларация береді немесе өздері берген кедендік декларацияларда мәлімделген тауарлардың жиынтық құны әрбір жыл үшін 500 мың еуроға баламалы сомадан кем болмайтын шаманы құрайды;
уақытша сақтау қоймаларының, кеден қоймаларының иелері ретінде кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар жиынтық сомасы әрбір жыл үшін, өтініш уәкілетті органда тіркелген күнге қолданыста болатын валюта бағамы бойынша 500 мың еуроға баламалы сомадан кем болмайтын шаманы құрайтын тауарларды сақтауды жүзеге асырды;
кедендік тасымалдаушы ретінде кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар әрбір жыл үшін кемінде 250 транзиттік декларация береді;
2) Кодекстің 535-бабына сәйкес берілген УЭО міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету;
3) өтініш уәкілетті органда тіркелген күнге ЕЭО мүше барлық мемлекеттерде кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша белгіленген мерзімде орындалмаған міндеттің болмауы;
4) өтініш уәкілетті органда тіркелген күнге заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес берешегінің (бересінің) болмауы;
5) өтініш уәкілетті органда тіркелген күнге дейін бір жыл ішінде осы заңды тұлғаны:
Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 527, 534, 548, 549, 550, 551, 552 және 558-баптарына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылықтары үшін;
жасағаны үшін жауаптылыққа тарту ЕЭО мүше мемлекеттердің заңнамасында УЭО тізіліміне енгізуден бас тарту үшін негіз ретінде айқындалған, ЕЭО мүше басқа мемлекеттердің аумағындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтары үшiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тарту фактілерінің болмауы;
6) осы заңды тұлғаның УЭО тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлға акцияларының он және одан көп пайызы бар акционерлері, оның құрылтайшылары (қатысушылары), басшылары, бас бухгалтерлері болып табылатын, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің жеке тұлғаларын:
1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 209, 214 және 250-баптарына, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 234, 236 және 286-баптарына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тарту фактілерінің және осындай баптар бойынша жойылмаған сотталғандығының болмауы;
істің жүргізілуі ЕЭО мүше мемлекеттердің кеден және өзге де мемлекеттік органдарының жүргізуіне жатқызылған және жасағаны үшін жауаптылыққа тарту ЕЭО мүше мемлекеттердің заңнамасында УЭО тізіліміне енгізуден бас тарту үшін негіз ретінде айқындалған, ЕЭО мүше басқа мемлекеттердің аумағындағы қылмыстық құқық бұзушылықтары үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту фактілерінің болмауы;
7) уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келетін, кедендік операциялар жасау кезінде кеден органдарына ұсынылған мәліметтерді шаруашылық операцияларды жүргізу туралы мәліметтермен салыстырып қарауға мүмкіндік беретін және кеден органдарының осындай мәліметтерге қол жеткізуін (оның ішінде қашықтықтан) қамтамасыз ететін тауарларды есепке алу жүйесінің болуы. Комиссия тауарларды есепке алу жүйесіне қойылатын үлгілік талаптарды айқындауға құқылы;
8) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы шарттың (келісімнің) болуы.
Көрсетілген баптардың жалпы тізбесінің форматын, оны қалыптастыру, жүргізу және одан мәліметтерді пайдалану тәртібін, сондай-ақ баптар туралы ақпарат ұсынудың тәртібі мен техникалық шарттарын, оның ішінде құрылымы мен форматын Комиссия айқындайды.
2 ТИПТІ КУӘЛІКТІ БЕРІЛУІМЕН УЭО ТІЗІЛІМІНЕ ЕНГІЗУ ШАРТТАРЫ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ
1) УЭО міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуден басқа 1 типті куәлікті беру кезіндегі шарттар;
2) осы заңды тұлғаның қаржылық орнықтылығының;
3) тауарларды уақытша сақтауға арналған құрылысжайлардың, үй-жайлардың (үй-жайлар бөліктерінің) және (немесе) ашық алаңдардың (ашық алаңдар бөліктерінің) меншікте, шаруашылық жүргізуде, жедел басқаруда немесе жалға алынған болуы. Егер өтініш берілген күнге құрылысжайлар, үй-жайлар (үй-жайлардың бөліктері) және (немесе) ашық алаңдар (ашық алаңдардың бөліктері) жалға алынған болса, мұндай құрылысжайларға, үй-жайларға (үй-жайлардың бөліктеріне) және (немесе) ашық алаңдарға (ашық алаңдардың бөліктеріне) қатысты жалға алу шарты кемінде бір жыл мерзімге жасалуға тиіс;
4) аумағында тауарларды уақытша сақтау, кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау жүзеге асырылатын және (немесе) кедендік бақылау жүргізілетін құрылысжайларға, үй-жайларға (үй-жайлардың бөлiктерiне) және (немесе) ашық алаңдарға (ашық алаңдардың бөліктеріне) УЭО тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлғаның көлік құралдары мен жұмыскерлеріне Комиссия айқындайтын талаптарды сақтауы.
Егер тауарларды өндіру бойынша қызметті жүзеге асыратын және (немесе) тауарларды экспорттайтын заңды тұлғаның қаржылық орнықтылығы осы баптың 6-тармағына сәйкес айқындалған мәнге сәйкес келмеген жағдайда, өтініш уәкілетті органда тіркелген күнге қолданыста болатын валюта бағамы бойынша кемінде 150 мың еуроға баламалы мөлшерде УЭО міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді беру екінші типтегі куәлік бере отырып, мұндай заңды тұлғаны УЭО тізіліміне енгізу шарты болып табылады.
3 ТИПТІ КУӘЛІКТІ БЕРІЛУІМЕН УЭО ТІЗІЛІМІНЕ ЕНГІЗУ ШАРТТАРЫ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ
1) өтініш уәкілетті органда тіркелген күнге дейін кемінде 2 жыл ішінде бірінші немесе екінші типтегі куәлікті бере отырып, заңды тұлғаның УЭО тізіліміне енгізілуі;
2) 2 типті куәлікті беру кезіндегі шарттар.
УЭО ҰСЫНЫЛАТЫН АРНАЙЫ ОҢТАЙЛАНДЫРУЛАР
1 типті куәлік келесі арнайы оңтайландырулармен қолданылуға мүмкіндік береді:
1) бірінші кезектегі тәртіппен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарлардың келуімен, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тауарлардың кетуімен, кедендік декларациялаумен және тауарларды шығарумен байланысты кедендік операциялар жасау;
2) УЭО декларанты болатын тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді бермеу;
3) УЭО декларанты болатын тауарларды шығару кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді Кодекстің 195 және 196-баптарында көзделген ерекшеліктермен ұсынбау;
4) Кодекске сәйкес тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару;
5) бірінші кезектегі тәртіппен кедендік қарап-тексеру немесе кедендік жете тексеру нысанында тағайындалған жағдайда кедендік бақылау жүргізу;
6) кеден органдарының көлік құралдарының жүкжайларына (бөлікжайларына) немесе олардың бөліктеріне УЭО салған пломбаларды сәйкестендіру құралдары ретінде тануы. Мұндай пломбаларға қойылатын талаптарды Комиссия айқындайды;
7) УЭО тасымалдайтын тауарларға қатысты тауарларды тасымалдау маршрутының белгіленбеуі;
8) кедендік операцияларды жасаудың уақытын қысқартуға және тәртібін оңтайландыруға бағытталған кеден органдары жүргізетін пилоттық жобалар мен тәжірибелерге басым түрде қатысу;
9) УЭО болып табылатын тасымалдаушының, кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын (тасылатын) тауарларды қоспағанда, кедендік бақылаудағы және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарларды тиеуді, қайта тиеуді (ауыстырып тиеуді) және олармен өзге де жүк операцияларын, сондай-ақ осындай тауарларды тасымалдайтын халықаралық тасымалдау көлік құралдарын басқа көлік құралдарына, оның ішінде қызмет аймағында (өңірінде) тиісті операция жүзеге асырылатын кеден органының рұқсатынсыз немесе оны хабардар етпей, салынған пломбалар мен мөрлерді алып тастап ауыстыруды жүзеге асыру.
2 типтегі куәлік келесі арнаулы оңайлатуларды пайдалануға құқық береді:
1) УЭО тауарларын УЭО құрылысжайларында, үй-жайларында (үй-жайларының бөлiктерiнде) және (немесе) ашық алаңдарында (ашық алаңдарының бөліктерінде) уақытша сақтау;
2) УЭО болып табылмайтын тұлғалардың УЭО құрылысжайларында, үй-жайларында (үй-жайларының бөлiктерiнде) және (немесе) ашық алаңдарында (ашық алаңдарының бөліктерінде) уақытша сақтау;
3) УЭО құрылысжайларында, үй-жайларында (үй-жайларының бөлiктерiнде) және (немесе) ашық алаңдарында (ашық алаңдарының бөліктерінде) құрылған кедендік бақылау аймағына тауарларды жеткізу, оларды мұндай кедендік бақылау аймағында орналастыру, мұндай құрылысжайларда, үй-жайларда (үй-жайлардың бөлiктерiнде) және (немесе) ашық алаңдарда (ашық алаңдардың бөліктерінде) кедендік бақылауды жүргізу және кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталуына байланысты кедендік операцияларды жасау;
4) УЭО құрылысжайларында, үй-жайларында (үй-жайларының бөлiктерiнде) және (немесе) ашық алаңдарында (ашық алаңдарының бөліктерінде) кедендік бақылау жүргізу;
5) қызмет аймағында тауарлар орналасқан кеден органынан басқа кеден органында кедендік декларациялаумен және тауарларды шығарумен байланысты кедендік операцияларды жасау. Осы арнаулы оңайлатуды қолданған кезде көрсетілген кедендік операцияларды жасау тәртібін уәкілетті орган айқындайды;
6) бірінші кезектегі тәртіппен кедендік қарап-тексеру немесе кедендік жете тексеру нысанында тағайындалған жағдайда кедендік бақылау жүргізу;
7) Кодекске сәйкес айқындалған тәртіппен УЭО кеден органдары пайдаланатын сәйкестендіру құралдарын қолдануы;
8) УЭО декларанты болатын тауарларды шығару кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді осы Кодекстің 195 және 196-баптарында көзделген ерекшеліктермен бермеу;
9) Кодекстің 194 және 540-баптарына сәйкес тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару;
10) егер УЭО тауарлардың декларанты болса, Кодекстің 92-бабының 1-тармағына сәйкес кедендік әкелу баждарын төлеу кейiнге қалдырылған кезде кедендік әкелу баждарын төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді бермеу.
3 типтегі куәлік УЭО 1 және 2 типті куәліктері бар УЭО үшін көзделген арнаулы оңайлатуларды пайдалануға құқық береді.
ЕАЭО және ҚР уәкілетті экономикалық операторлар сұрақтары бойынша қосымша нормативтік құқықтық актілер