ҚР Сауда және интеграция министрі Б.Т. Сұлтановтың
ҚР Үкіметі отырысына «АӨК дамытудың және инвестициялық
жобаларды іске асырудың негізгі бағыттары туралы» тезистері
Нұр-Сұлтан қ., 2021 жылғы 2 наурыз, «Үкімет Үйі» ғимараты, А303 каб., 09:00 сағ
Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!
Құрметті әріптестер!
Азық-түлік қауіпсіздігі арго өнеркәсіптік кешенін дамытудың басты міндеті болып тұрып, біздің азаматтарымыздың әлеуметтік көңіл-күйімен тікелей байланысты.
Слайд 1.
23 ақпандағы жағдай бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік туарлары бағаларының өсуі 2,4% деңгейінде тіркелді.
Бәрінен бұрын импортқа тәуелді өнімдердің, жоғары экспорттық сұранысы бар тауарлардың, сондай-ақ маусымаралық кезеңде дәстүрлі түрде қымбаттайтын көкөністердің бағалары өсім көрсетті.
Олардың жалпы өсімге қосқан үлесі
2,0 проценттік тармақты құрады.
Азық-түлік балансы мен бағаның өзгеруін талдау келесі қорытындыларды көрсетеді.
Слайд 2.
Біріншіден, азық-түлік тауарларының бағасы өндірісі мен тұтыну теңгеріміне ғана емес, сондай-ақ импортталатын және экспортқа жіберілетін өнімнің үлесіне де байланысты. Мұндай ағындар сыртқы нарықтардың бағаларын ішкі саудаға әкеп соқтырады.
Ауыл шаруашылығы министрлігі өңірлік атқарушы органдармен бірлесіп, импортқа тәуелді тауарлар бойынша ғана емес, сондай-ақ экспорттың жоғары үлесі байқалатын өнімдер бойынша да өндірісті барынша ұлғайтуы қажет. Слайд 3. Екіншіден, тұрақтандыру қорлардың көлемі жеткілікті емес, яғни 3,7 млрд. теңгеге 25,4 мың тонна қалыптасқан. Олардың интервенциясы жалпы тұтынудың 0,2 процентінен
1,4 процентіне дейін құрайды. Бұл іс жүзінде бағаға тиісті әсер етпейді.
Тұрақтандыру қорларының өздері де тиімді қалыптаспайды.
Мысалы, Ақтөбе облысында 2020 жылы қанттың (56,9%), қарақұмық жармасының (40,0%), күнбағыс майының (31,1%) және жұмыртқаның (17,5%) бағалары едәуір өсті.Бұл ретте, жыл ішінде қорға бағаның шамалы өсуі байқалған көкөністер сатып алынды.Тұрақтандыру қорларын тек тәуекелі жоғары импортқа тәуелді тауарларға ғана қаражат пен күш-жігерді шоғырландыру арқылы қайта қарау қажет. Слайд 4.
Үшіншіден, нарықтық құралдар өздерінің тиімділігін көрсетті. Бұл форвардтық сатып алу және «айналым схемасы».
Бүгінгі таңға жергілікті бюджеттерден
21,9 млрд. теңге бөлінді.
Механизм тиімді, дегенмен нарыққа айтарлықтай әсер ету үшін қаржыландыруды кеңейту қажет.
Отандық өндірушілермен келісімшарттарды «қолымен басқару» режимінде жүргізе отырып, желілерге арзандатылған кредиттерді 50 млрд. теңгеге дейін ұлғайту керек.
Сондай-ақ өндірушілер бойынша нақты болжам жасау және жергілікті атқарушы органдар үшін өңірлер мен тауарларға шағып отырып мемлекеттік қолдау шараларына қарсы міндеттемелерді белгілеу жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеу қажет.
Слайд 5.
Құрметті Асқар Ұзақбайұлы, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын ұстап тұру бойынша өңірлердің жауапкершілігін атап өткен жөн.
Олардың жұмысын талдау қорытындылары бойынша Министрлік 1-тоқсанда атқарылған жұмыс туралы ақпарат енгізеді және шаралардың нақты нәтижелері болмаған жағдайда біз әкімдерінің жетекшілік ететін орынбасарларын жауапкершілікке тарту туралы мәселеге бастамашы боламыз.
Назарларыңызға рақмет!