Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!
Құрметті Үкімет мүшелері және отырысқа қатысушылар!
2019 жылы әлеуметтік маңызы бар
азық-түлік тауарларына бағаның өсуі 10,4%-ті құрады.
Ағымдағы жылдың қаңтар айында біз маусымдық бағаның 0,3%-ке өскенін байқаймыз. Бұл ретте, ол өткен жылғы қаңтарға қарағанда екі есе төмен және алдынғы жылдардағы алғашқы айларындағы бағаның өсуімен салыстырмалы.
Аталған өсімдердің себептерін айтатын болсақ. Егін жинаудың төмендеуіне және экспортың ұлғайуына байланысты объективті факторларды есепке алмағанда, олар баға мониторингі және жедел шаралар қабылдау бойынша әкімдіктердің жеткіліксіз белсенділігін көрсетеді.
Өткен жылы барлық өңірлерде шекті бағадан асқан 67 жағдай тіркелді. Бірақ, бірде-бір әкімдік рұқсат етілген шекті бағаны бекіту рәсімдерін қолданбаған және сауда объектілеріне заңмен белгіленген ықпал ету шараларын қабылдамаған.
Қаңтар айында шекті бағадан асып түскен қайтадан 7 жағдай тіркелді. Алайда әкімдіктер тарапынан тағы да еш қандай іс-қимыл болған жоқ.
Мысалы, Қостанай облысында жалпы әлеуметтік маңызы бар тауарлары бағаларының 0,7%-ке төмендеуіне қарамастан, тауық еті және жұмыртқа бойынша бағаның бекітілген шегінен артқаны байқалады.
Жалпы, бағаның өсуін баяулайтын бірқатар жедел және жүйелі шаралар қабылдау үшін барлық құралдар мен мүмкіндіктер бар.
Біріншіден, жергілікті атқарушы органдар мен бақылаушы органдардың аумақтық бөлімшелері қолданыстағы тетіктерді барынша пайдалануы қажет.
Алдында айтылғандай, шекті бағаны бекіту рәсім белсенді пайдалану қажет.
Тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану түбегейлі өзгерістерді талап етеді.
Мәселен, өткен жылы Шымкент қ-да және Маңғыстау обл-да тауар интервенциясы мүлдем жүзеге асырылған жоқ.
Басқа аймақтарда интервенциялар бағаның өсуі орын алған тауар топтарында жүргізілмей, басқа тауарлар бойынша іске асырылды.
Мысалы, қорлардан 2 мың тонна картоп сатылды. Оның импортқа тәуелділігі төмен болғанымен бағасы да едәуір өскен жоқ.
Ал қарақұмық бағасының 80,5%-ке өсуі кезінде оның жалпы сату көлемі тек 213 тоннаны құрады, бұл нарыққа әсер етпеді.
Сонымен қатар, тұрақтандыру қорларының шоттары мен депозиттерінде тауарларды сатып алуды жүзеге асыру үшін бюджеттен бұрын бөлінген 3 млрд.теңге бос қаражат бар.
Мемлекет басшысы олардың тиімділігі төмен екенін атап өтті және өңірлік тұрақтандыру қорларында әлеуметтік маңызы бар өнімдердің табиғи резервтерін құрудың тиімділігі аз тәжірибесінен баламалы құралдарға көшуді қамтамасыз етуді талап етті.
Осындай баламалы құралдардың бірі жеңілдетілген қаржыландыру арқылы бағаны ұстап тұру міндеттемелерін қабылдау бойынша сауда желілерін ынталандыру тетігі болып табылады.
Біз оны «айналым схемасы» деп атадық және өңірлерді оны белсенді пайдалануға бірнеше рет шақырдық.
Алайда, бұл құрал, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан басқа еш жерде қолдануға алынбады.
Іс жүзінде бағаны тежеудің ең ыңғайлы тетігі нарықтың бәсекелестігін қорғау жөніндегі шаралар болып табылады.
Бірақ монополияға қарсы органдар оны Мемлекет басшысының сынынан кейін ғана белсенді қолдана бастады.
Асқар Ұзақбайұлы, Сіздің өткен жылғы қазан айында Үкімет отырысында берген тапсырмаңызға сәйкес монополияға қарсы орган бірқатар шаралар қабылдады.
2019 жылы 198 хабарлама, оның ішінде 83 сауда желілеріне жіберілді. Олардың 182-сі, оның ішінде 75-і сауда желілерімен орындалды.
Бұл бағаның өсуін біршама тұрақтандыруға мүмкіндік берді. Өткен жылдың желтоқсан айында ол тек 0,1%-ке өсті. Ал алдынғы жылдың тиісті айында бұл көрсеткіш 1,4%-ті құрады.
Ағымдағы жылдың қаңтар айында Қызылорда қаласында күріш бойынша баға келісуінің белгілері бар екендігі туралы 3 хабарлама шығарылды.
Бұл ретте, делдалдармен жұмыс істеу кезінде баға келісімдеріне қарсы күрес әдістері қолданылуы тиіс.
Ол үшін әкімдерге ағымдағы аптаның соңына дейін бәсекелестікті қорғау және дамыту және Мемлекеттік кіріс департаменттерімен бірлесіп жұмыс топтарын құруды тапсыруды ұсынамын.
Олар көтерме сауда бағасын анықтау және қайта сатып алушыларды көлеңкеден шығару керек. Бұл ретте, мәселе тексеру жүргізуге қатысыты емес. Аталған жұмыс топтары баға белгілеу мәселелерін талдап, айқындауы қажет.
Жарияланған мораторий аясында бұл сыбайлас жемқорлық әлеуетінің төмендеуімен салық жинаудың алдын-алу бақылауын күшейтеді.
Екіншіден, ішкі нарықты отандық азық-түлікпен толықтыруды қамтамасыз ету қажет.
Біз жоғары импортқа тәуелділікті анықтадық.
Мәселен, 8 тауар тәуекел тобына кірді.
Олар бойынша импорт үлесі 15%-тен астамын құрайды.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, тауардың
5-7%-ке аздаған тапшылығы алыпсатарлықтың себебінен бағаның 1,5-2 есе өсуіне әкелуі мүмкін.
Сауда және интеграция министрлігі Әлеуметтік маңызды тауарларды өндірушілердің барлық қауымдастықтарымен кездесулер өткізді. Кездесулердің қорытындысы бойынша Қазақстанның барлық азық-түлік тауарлары бойынша өндірісті ұлғайту бойынша үлкен әлеует бар екенін көрсетті.
Ауыл шаруашылығы министрлігі әкімдермен бірлесіп аталған тауарларды өндіру көлемін ұлғайту бойынша жұмысты бастауға тиіс.
Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту Мемлекеттік бағдарламасында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін ұлғайту үшін субсидия алушыларға бизнестің қарсы міндеттемелерін белгілеу тетігі көзделген.
Осыған байланысты, әкімдер субсидияларды беру кезінде ішкі нарыққа жеткізілімдерге қатаң бақылауды жүзеге асыруы тиіс.
Үшіншіден, тауарларды сақтау мен тұтынушыларға жеткізудің заманауи инфрақұрылымын құру қажет.
Мысалы, көкөністер Көкшетау қаласындағы базарға жеткізілген кезде өндірушіден тұтынушыға дейінгі жолда 3 есе қымбаттайды. Делдалдар да, бөлшек сатушылар да 87%-ке дейін жоғары үстеме баға орнатады. Ал сақтау мен технологиялық шығындарды ескере отырып, баға тағы 52%-ке өседі.
Бұл инфрақұрылымды құру бізді тиімсіз делдалдар желісінен арылтады және қосылған құнның барлық тізбегі бойынша маржиналдықтың ашық деңгейін белгілеуге мүмкіндік береді.
Тиімсіз делдалдарды болдырмайтын отандық тауар өндірушілер үшін өнімді тікелей өткізу арнасы пайда болады. Өнімді сақтау және тиімді бөлу үшін қажетті жағдайлар жасалатын болады.
Министрлік мемлекеттік органдармен және даму институттарымен бірлесіп Қазақстанда тиімді тауар өткізу жүйесін құру бойынша жұмыс жүргізуде.
Ағымдағы жылғы 15 қаңтарда Премьер-Министр жанынан жаңа жобалық офис құрылды, ол апта сайын мүдделі мемлекеттік органдар мен Азия даму банкінің қатысуымен отырыстар өткізуді бастады.
Бұл банктің басқа елдерде тауар өткізу жүйесін құру тәжірибесі мол. Қазіргі уақытта банк Өзбекстан мен Қырғызстандағы тиісті жобаларды іске асыруда.
Тауар өткізу инфрақұрылымы аясында
15 агро-логистикалық орталық құру жоспарлануда. Орталықтар өндірушілердің жанында болады және тауарларды жинауды, сақтауды және бастапқы өңдеуді жүзеге асырады.
Сондай-ақ көтерме-тарату орталықтарының желісі құрылатын болады.
Бұл көпфункционалды орталықтар өндірушілер мен сатып алушылардың кездесу орнына айналады. Заманауи көтерме базарлар жүйесі қалыптасады және тауарларды жеткізу логистикасы оңтайландырылады.
Біз тауар өткізу жүйесі объектілерін сатудың нақты мерзімдері мен өңірлерді анықтадық.
Әкімдерге инвесторлармен туындаған барлық мәселелерді уақытында пысықтауды және әкімшілік кедергілерді жедел жоюды тапсыруды сұраймыз.
Төртіншіден, баға мониторингі және электрондық сауданы дамыту үшін халықты тарту қажет.
2019 жылдың желтоқсанында Қарағанды қаласында PRICE SCANNER баға мониторингі үшін мобильді қосымша іске қосылды. Бағалар туралы барлық деректер азаматтардан алынған ақпаратқа негізделген.
Бұдан басқа, электрондық сауда алаңдарын іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, бүгінгі күнде Оңай Базар және Happy food Astana сияқты желілер ашылды. Олар өнімді өндірушіден тұтынушыға дейін жеткізу тізбегін оңтайландыруға және халық үшін тауарлардың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Мысалы, дүкендерде картоптың бөлшек бағасы 100-ден 150 теңгеге дейін болса, электронды алаңдардың бағасы шамамен
75 теңгені құрайды.
Сондай-ақ тұтынушыларымызға өтінішім бар.
Қазіргі уақытта бір қатар тауар сатушылары, Қытаймен шекара жабылғанына сілтеп
азық-түлікке бағаны көтере бастады.
Осыған орай, Қазақстан тауарлар қозғалысының Қытайдан да, Қытайға да тоқтатмағанын хабарлаймын.
Бұл тек бизнестің жосықсыз әрекеті, бұл себепті бағаны көтеруге қолданады.
Егер сіздер осындай жағдайдын, сондай-ақ базарларда немесе сауда объектілерінде баға сөз байласуының куәгері болсаңыз, экранда көрсетілген «жедел желі» арқылы хабарласуды сұраймын, біз сөз байласуларға жедел ден қойып және оны жоя аламыз.
Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!
Бұл шаралардың барлығы Сіз бекіткен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша қысқа және орта мерзімді шаралар Пакетіне кірді.
Ол барлық мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге жеткізілді.
Ағымдағы жылдың қаңтар айының қорытындылары оның жүзеге асырылуының біршама артта қалғанын көрсетіп отыр.
Мысалы, өңірлердегі көкөніс сақтау қоймаларын түгендеу бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі әкімдіктердің деректері негізінде әлі де жұмыс істеп тұрған объектілерге талдау жүргізіп жатқанын атап өткім келеді, алайда жұмыс өткен айда аяқталуы тиіс0 болатын.
Ағымдағы жылдың 1 ақпанына 3 өңір (Ақтөбе, Жамбыл облыстары және Шымкент қаласы) толық ақпарат ұсынбады.
Осыған байланысты, құрметті Асқар Ұзақбайұлы, жауапты мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға оның барлық тармақтарыy уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсыруды сұраймын.
Назарларыңызға рақмет!