Меню

Страницы

Статья

Электрондық сауда бойынша ақпарат

Электрондық сауда бойынша ақпарат

​

Ақпараттық технологиялардың заманауи дамуы электрондық коммерция жүйелерінің пайда болуы мен кең таралуын қамтамасыз етті. Электрондық коммерция заманауи экономиканың ажырамас бөлігі болды. Көптеген тұтынушылар тауарларды Интернет желісі арқылы сатып алады, ал коммерциялық ұйымдар кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде осы желінің мүмкіндіктерін пайдаланады.

Әлемдік экономиканы жаһандық цифрландыру электрондық сауда нарығының жыл сайынғы өсуін қамтамасыз етеді.

Электрондық сауда саласындағы негізгі көшбасшылар: ҚХР (үлесі – 23,7 %), ЕО (үлесі – 14,8%), АҚШ (үлесі – 10,8%), Оңтүстік Корея (үлесі – 7,2%) болып табылады.

«Қазпошта» АҚ деректеріне сәйкес 2019 жылы бөлшек сауда айналымының жалпы көлеміндегі электрондық сауда үлесі 3,7% құрады (халықаралық электрондық алаңдарды есепке алғанда).

Қосымша: Қазақстан Республикасында электрондық сауда нарығының көлемі 2018 жылдың қорытындысы бойынша 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге (174 млрд.теңге) артып, 269 млрд. теңгені құрады (халықаралық электрондық алаңдарды ескере отырып).

Электрондық саудадағы сатып алушылар саны 2 есе өсіп, 2017 жылы 1,3 млн.адамға қарсы 2,3 млн. адамды құрады.

Нарықта 1700-ден астам интернет-дүкен, 20 электрондық сауда алаңы жұмыс істейді.

Интернет арқылы қазақстандықтар көбінесе киім, аяқ киім – 58,7%, азық – түлік – 29,3%, дәрілік препараттар – 18,4%, кітаптар, фильмдер, музыка – 17,5%, журналдар, газеттер – 14,5%, компьютерлік бағдарламалар, бейне ойындар – 11,3%, компьютерлік тауарлар – 9,2%, электрондық оқу материалдарын-7,8% сатып алады.

Жалпы әлемдік үрдістер бойынша ең көп Интернет-трафик смартфондарды пайдаланушылар генерациялайтынына қарамастан, Қазақстанда ең көп онлайн-сатып алулар компьютерлерден жасалады (60%). Смартфондардан (37%) екі есе аз сатып алынады, ал осы рейтингтегі планшеттердің үлесіне 3% келеді.

Бұл ретте Интернетте барлық сатып алудың 7%-ы, 55 жастан асқан адамдар жасайды, транзакциялардың 9%-ы, 45-54 жас тобына, 19%-ы, 18-24 жас және 18%-ы, 35-44 жас тобына келеді. Сатып алудың 62%-ы, әйелдер, 38%-ы, ерлер.

Сатып алудың орташа түбіртегі 21626 теңгені құрайды.

Ресми деректер бойынша онлайн сатып алуды жүзеге асыру кезінде тұрғындар интернет жылдамдығының баяу болуына немесе сатушылар тарапынан алаяқтыққа байланысты мәселелер туындайды. Сатып алушылардың 5,9%-ы тауарды жеткізудің баяу жылдамдығы мәселесіне, 3,6%-ы сатып алу немесе төлеу кезінде Интернет- ресурстың техникалық ақауларына; сапасыз немесе бүлінген тауар, 1,8%-ы кепілдіктер мен басқа да заңды құқықтарға қатысты ақпаратты табудағы қиындықтар; 1,1%-ы алаяқтық (тауарлар немесе қызметтер алынбаған, кредиттік карта деректерін теріс пайдалану), 1%-ы түпкі құн номиналдыдан жоғары; 0,8%-ы шағымдардың болмауы немесе қанағаттанарлықсыз жауабы; басқалары-0,1%.

2019 жылдың маусым айында электрондық сауданы одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасында электрондық коммерцияны дамыту жөніндегі 2019-2025 жылдарға арналған Жол картасы мақұлданды, ол электрондық сауда үлесін 5%-ға дейін ұлғайтуды көздейді.

Жол картасы 3 негізгі бағыт бойынша 27 іс-шарадан тұрады:

  1. Электрондық саудадағы экспортты ұлғайту:

- электрондық сауда арқылы экспортқа бағытталған отандық өңделген тауарларды жылжыту бойынша шығындарды өтеу тәртібін жетілдіру;

- отандық тауарларды жылжыту бойынша Ұлттық электрондық сауда алаңдарымен Taobao, Яндекс, E-bay, AliExpress, Amazon, Alibaba, Walmart және т. б. халықаралық платформаларының өзара іс-қимыл шарттарын пысықтау;

- промо-роликтер, брошюралар жасау, көрмелер мен басқа да акциялар өткізу арқылы Taobao, Яндекс, E-bay, AliExpress, Amazon, Alibaba, Walmart және т. б. платформаларында ұсынылған қазақстандық азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды жылжыту.

  1. Отандық кәсіпкерлерді электрондық саудаға тарту және инфрақұрылымды дамыту:

- КТС және ЖТС төлеу бойынша жеңілдіктер алу үшін электрондық сауда субъектілерінің қолма-қол ақшасыз айналым шегін азайтудың орындылығын пысықтау;

- шағын бизнес субъектілері үшін В2С форматында электрондық сауда алаңын құруды ынталандыру, онда оның қатысушылары үшін ҚҚС-дан босату көзделген;

- әлеуетті инвесторларды және МЖӘ тетіктерін тарта отырып, қолда бар инфрақұрылымды ескере отырып, ірі қалаларда көлік-логистикалық орталықтарды іске қосу жөніндегі мәселені пысықтау;

- ерікті мүшелікке негізделген мемлекеттік реттеуден өзін-өзі реттеуге кезең-кезеңмен көшу;

- банктік емес сервистер арқылы электрондық коммерция шеңберінде трансшекаралық төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі мәселені пысықтау.

  1. Тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту және электрондық сауданы ілгерілету:

- жосықсыз интернет-дүкендер мен электрондық сауда алаңдарына қатысты шағым беру үшін онлайн-платформаны енгізу;

- әлеуметтік желілерде сауданы жүзеге асыратын тіркелмеген кәсіпкерлік субъектілерінің көлеңкеден шығуына жағдай жасау жөніндегі мәселені пысықтау.

Дата публикации
31 января 2020
Дата обновления
31 января 2020
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ-ның Сауда саясатына шолу жасау жөніндегі органның тарихи төрағалығын сәтті аяқтады
Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ ның Орталық Азиядағы алғашқы өңірлік бағдарламасын іске қосты
Инфографика
17 июля 2026
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ДСҰ 10 жыл толыққанды мүшелік

Социальные медиа

Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы