«2014 жылғы 29 мамырдағы
ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы
хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңының жобасы бойынша
Сауда және интеграция министрі Б.Т. Сұлтановтың баяндама
2020 жылғы 30 желтоқсан ҚР Парламент Мәжілісі
Құрметті Нұрлан Зайроллаұлы!
Құрметті депутаттар!
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы ратификациялауға ұсынылған хаттама «Алғашқы ірі» Хаттама болып табылады. Ол бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер сарапшыларының бірлескен жұмысы төрт жылдан астам жүргізілді.
Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа түзетулердің үш блогын енгізуді көздейді.
Бірінші. Бәсекелестік саласындағы өзгерістер.
Бекітілген ережелерді бұзу фактілерін анықтау шараларын жетілдіру мақсатында «жұмсақ құқық» ұғымы енгізіледі. Бұл Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері бәсекелестік шарттарын бұзған жағдайда Комиссияға ескертулер мен алдын ала ескертулер беруге мүмкіндік береді.
Алдын-ала ескерту алғаннан кейін шаруашылық жүргізуші субъектілер бұзушылықтарды өздері жоя алады, зардап шеккен субъектілер бұзушылармен келісе алады.
Бәсекелестікке қарсы тәжірибе жалғасқан жағдайда белгіленген айыппұлдар қолданылатын болады.
Екінші. Еуразиялық экономикалық комиссияға энергетика, техникалық реттеу, макроэкономика, бәсекелестік және ветеринария салаларында қосымша өкілеттіктер беру.
Бұл өкілеттіктер Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қол қойылған халықаралық шарттардың, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың салдары болып табылатынын және Комиссия қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өту қажет.
Мысалы, техникалық реттеу саласында Комиссия Кеңесіне мүше мемлекеттерді аккредиттеу жөніндегі органдардың өзара салыстырмалы бағалауды жүзеге асыру тәртібін бекіту бойынша өкілеттіктер беріледі.
Одақтың қолданыстағы құқығында оған сәйкес мүше мемлекеттерді аккредиттеу жөніндегі органдар өзара салыстырмалы бағалауды жүзеге асыратын норма бар екенін атап өткен жөн. Алайда бүгінгі күні салыстырмалы бағалау жүргізудің жеке тәртібі бекітілмеген.
Сондай-ақ Шартта Комиссияға қолданыстағы нормаларды нақтылауға бағытталған өкілеттіктерді беруге арнайы түзетулер де бар.
Мысалы, трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жай-күйі туралы жылдық есепті дайындау, шаруашылық жүргізуші субъектінің келісім жасасуы туралы ерікті өтініші кезінде жауапкершіліктен босату және тағыда басқа тәртіптерін бекіту.
Үшінші. Техникалық түзетулер.
Шарттың нормаларын практикада неғұрлым толық және дұрыс қолдану мақсатында Шарт бойынша бес жылдан астам жұмыс оның жеке бөліктерін түзету қажет екенін анықтады. Бұл негізінен олқылықтарды жоюға және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт ережелерінің редакциясын нақтылауға бағытталған техникалық сипаттағы түзетулер.
Тұтастай алғанда, Заң жобасы республикалық бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейді және теріс әлеуметтік – экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Қолдау көрсетулеріңізді сұраймын!
Назарларыңызға рақмет!
ЕАЭО туралы шартқа енгізілетін
түзетулер туралы ақпарат
Энергетика саласында Комиссияға ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдары мен ұйымдарын, коммерциялық және технологиялық ұйымдарды ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді үйлестіру жөніндегі ұйымдастырушылық-техникалық өкілеттіктер (қолданыстағы редакцияда Комиссия ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің энеяргетика саласындағы міндеттемелерінің орындалуына ғана мониторинг жүзеге асырады) беріледі. Бұл көрсетілген мерзімдерде жоспарланған іс-шаралардың орындалу барысын қадағалауға мүмкіндік береді және ЕАЭО энергия ресурстарының ортақ нарықтарын қалыптастыру жөніндегі жұмысты жақсартады.
Ветеринария саласында ЕЭК-ке әкелінетін өнімге арналған ветеринариялық сертификаттардың нысандарын бекіту бойынша өкілеттіктер беріледі (Мүше мемлекеттер арасында өткізілетін тауарларға арналған ветеринариялық сертификаттардың бірыңғай нысандары Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген. Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарларға арналған ветеринариялық сертификаттардың бірыңғай нысандары Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 607 шешімімен бекітілген).
Макроэкономика саласында Комиссияға Мүше мемлекеттердің әлеуметтік – экономикалық дамуының ресми болжамдарын әзірлеу кезінде пайдаланылатын сыртқы параметрлердің аралық сандық мәндерін келісу тәртібін бекіту бойынша қосымша өкілеттіктер беріледі. Бұл тәртіп ЕЭК Алқасының 2012 жылғы 11 желтоқсандағы № 269 шешімімен бекітілген. Осыған байланысты құқықтық базада осы Тәртіпті бекіту жөніндегі Комиссияның өкілеттігін бекіту талап етіледі.