Меню

Страницы

Статья

ҚР Сауда және интеграция министрі Б.Т. Сұлтановтың Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу мәселесі бойынша ҚР Үкіметі отырысына баяндамасы Нұр-Сұлтан қ., 2020 жылғы 10 желтоқсан, «Үкімет Үйі»ғ, А303 каб, сағ.09.00

ҚР Сауда және интеграция министрі Б.Т. Сұлтановтың

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының

бағасын реттеу мәселесі бойынша ҚР Үкіметі отырысына баяндамасы

Нұр-Сұлтан қ., 2020 жылғы 10 желтоқсан, «Үкімет Үйі»ғ, А303 каб, сағ.09.00

 

 

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Құрметті әріптестер!

  Слайд 1Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі 9,6%-ті құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,6 проценттік тармаққа төмен (2019ж. - 10,2%).Бұл ретте 4,1 проценттік тармаққа негізгі дүрлікпе өсім төтенше жағдай кезеңінде
тіркелді. Мәселен, 17-24 наурыз аралығында бағалар рекордтық 1,7 проценттік тармаққа өсті.Бағаны тұрақтандыру үшін тауарлардың 9 түріне шекті бағалар бекітілген болатын, 7 түрінің экспортына тыйым салынды және 6 түрін елден шығаруға ай сайын квота белгіленді. Сондай-ақ қосылған құн салығының ставкасы 12%-тен 8%-ке дейін төмендетілді.Анықтама: 9 тауарға шекті бағалар белгіленді: ұн, нан, рожки, қарақұмық жармасы, күріш, күнбағыс майы, сиыр еті, жұмыртқа, тұз. 7 тауардың экспортына тыйым салынды: қарақұмық, қант, картоп, пияз (сарымсақ), күнбағыс тұқымы, күнбағыс майы, қарақұмық жармасы. 6 тауарға ай сайынғы квота белгіленді: сәбіз, репа, қызылша, қырыққабат, бидай ұны және жұмсақ бидай.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде баға өсімі тоқтатылды.

Алайда, ағымдағы жылдың 4 тоқсанында баға өсімі тағы да тіркелді: қазан айында – 2,8% және қарашада – 2,3%.

  Слайд 2 Жыл басынан бері бағаның ең жоғары көлеміндегі өсіміне Нұр-Сұлтан қаласында (15,6%), Павлодар (15,4%) және Атырау облыстарында (12,9%) жол берілді.Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың он тоғыз түрі кіретін тізімінен сегізі бойынша бағаның 10%-тен 30%-ке дейін едәуір өсуі байқалады.Қант пен қарақұмық жармасы сияқты импортқа тәуелді тауарлардың бағасы қарқынды өсті.Бұған жыл ішінде валюта бағамының және әлемдік бағаның өсуі себеп болды. Қант пен қарақұмық негізінен Ресейден импортталады, тауарлар сәйкесінше 33,6% және 34,6%-ке қымбаттады. Сонымен қатар, экспортқа бағдарланған жекелеген тауарлар да қымбаттады. Күнбағыс майы әлемдік бағаның 53,8%-ке, картоп экспорттың
46,1%-ке өсуіне байланысты жоғарлады. Жұмыртқаның бағасы тауық санының қысқаруы мен өндірістің 6,3%-ке төмендеуі салдарынан өсті.Аталған бес тауарға баға өсімі азық-түлік инфляциясының жалпы мөлшерінде маңызды рөл атқарды. Оларды есепке алмағанда бағаның жалпы өсімі ағымдағы 9,6%-тің орнына шамамен 2%-ті құрар еді.     

Слайд 3

Енді әкімдіктердің бағаны ұстап тұру жөніндегі жұмысына тоқталсақ.Шекті бағаларды белгілеу және олардың негізінде шекті рұқсат етілген бағаларды қолдану әдістемесі заңнамада бекітілген.Барлық өңірлерде бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерінен асып түсуінің 66 фактісі тіркелді.Шекті бағаларды белгілеуге болатынына қарамастан, Қызылорда облысы мен Алматы қаласының әкімдіктерін қоспағанда, өңірлер аталған құралды пайдаланған жоқ. Өткен жылы бағаны тұрақтандыру бойынша шаралар қабылдамағаны үшін жеті облыс әкімдерінің орынбасарларына сөгіс жарияланды.Алайда оның қорытындысы болмады. Мәселен, өткен жылы Ақтөбе облысында шекті мәндердің асып түсуінің 5 фактісі тіркелді, биыл да аталған көрсеткіш өзгермеген.Павлодар және Түркістан облыстарында шекті бағаның асып түсу санының көп болуына қарамастан, әкімдіктер шекті рұқсат етілген бағаның енгізілуін елемейді. 

Слайд 4

Бағаны тұрақтандырудың тағы бір құралы –өңірлік тұрақтандыру қорларының интервенциясын әкімдіктер тиімсіз пайдалануда.Мәселен, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының, сондай-ақ Атырау және Ақмола облыстарының тұрақтандыру қорлары жыл басынан бері толықтырылмаған.Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында тұрақтандыру қорларының құрылымы оңтайлы емес. Қант сатып алудың орнына бағасы тұрақты ұн үлкен көлемде сатып алды.Слайд 5 Бағаны тұрақтандырудың ең тиімді әдісі – «айналым схемасы». Оны Алматы қаласының әкімдігі айқын көрсетті. Аталған механизм бойынша
7 миллиард теңге бөлінді. Нәтижесінде қаладағы бағаның өсуі елдегі ең төменгі деңгейдің бірі (8,6%).Алайда бірқатар әкімдіктер «айналым схемасын» да тиімсіз пайдалануда. Екі жыл ішінде әкімдіктер бар-жоғы 16,5 млрд. теңге бөлді. Анықтама: 16,5 млрд.теңге бөлінді, оның ішінде 2019 жылы 2,3 млрд. теңге және
2020 жылы 14,2 млрд. теңге.
Төрт облыста қаражат төмен көлемде бөлінсе, Шығыс Қазақстан облысында қаражат мүлдем бөлінген жоқ.Кейбір өңірлерде механизм шеңберінде сатып алынған тауарлардың бағалары тұрақты болып, кейіннен басқа түрлеріне бағалар өседі.Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында күріш сатып алуға 50 млн.теңге бөлінді. Алайда, баға жұмыртқа, қарақұмық жармасы және қантқа өсті.     Слайд 6

Бағалық сөз байласу мәніне Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жыл басынан бері
297 хабарлама жіберді. Сонымен қатар, 5 өндіруші мен 18 азық-түлік тауарларының көтерме жеткізушілеріне 13 тергеу тағайындалды.

Қазіргі уақытта оларға 4,3 млн. теңге айыппұл салумен 5 іс аяқталды.

Слайд 7

Асқар Ұзақбайұлы, коронавирус пандемиясының екінші толқыны мен жаңа жыл қарсаңындағы дәстүрлі бағаның өсу қауіпін ескере отырып, бағаны тежеу бойынша мынадай шаралар қабылдау ұсынылады.

Біріншіден. Әкімдіктерге тұрақтандыру қорларындағы азық-түлік көлемі мен түрлерін қайта қарап, «айналым схемасы» бойынша қаржыландыруды кеңейту.

Екіншіден. Ауыл шаруашылығы министрлігіне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін Азық-түлік корпорациясы базасындағы бидай резервтерін қадағалау.

Үшіншіден. Әкімдіктерге шекті мәндерден неғұрлым асып түскен жекелеген өнімдерге шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларын белгілеу. Сондай-ақ бағалардың негізсіз өсуіне бақылау функцияларын іске асыру және олардың сақталуын қамтамасыз ету ұсынылады.

Назарларыңызға рақмет!

Дата публикации
10 декабря 2020
Дата обновления
10 декабря 2020
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ-ның Сауда саясатына шолу жасау жөніндегі органның тарихи төрағалығын сәтті аяқтады
Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ ның Орталық Азиядағы алғашқы өңірлік бағдарламасын іске қосты
Инфографика
17 июля 2026
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ДСҰ 10 жыл толыққанды мүшелік

Социальные медиа

Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы