2020 жылға Ыстықтай илектелген прокатты әкелуге арналған арнайы квота көлемдерін бөлу туралы хабарландыру
Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2019 жылғы 6 тамыздағы №137 шешіміне сәйкес 2020 жылға тарифтік квоталар белгіленетін тауарлар тізімі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы үшін осы тауарларды әкелу үшін тарифтік квоталар көлемі анықталды:
|
Тауардың атауы |
Арнайы квотаның көлемі (тонна) |
|
|
бірінші кезең (20 %) |
екінші кезең (80 %) |
|
|
7208 10 000 0,7208 25 000 0, 7208 26 000 0, 7208 27 000 0,7208 36 000 0, 7208 37 000 0, 7208 38 000 0,7208 39 000 0, 7208 40 000 0, 7208 51 200 1,7208 51 980 0, 7208 52 100 0, 7208 52 910 0,7208 52 990 0, 7208 53 100 0, 7208 53 900 0,7208 54 000 0, 7208 90 200 0, 7208 90 800 0,7211 13 000 0, 7211 14 000 0, 7211 19 000 0,7225 30 100 0, 7225 30 300 0, 7225 30 900 0,7225 40 120 1, 7225 40 120 9, 7225 40 150 1,7225 40 150 9, 7225 40 600 0, 7225 40 900 0, 7226 91 200 0, 7226 91 910 0 және 7226 91 990 0 ЕАЭО СЭҚ ТН кодтармен жіктелетін ыстықтай илектелген прокат |
1 183 |
4 730 |
|
7208 51 200 9, 7208 51 910 0 және 7225 40 400 0 ЕАЭО СЭҚ ТН кодтармен жіктелетін ыстықтай илектелген прокат |
1 223 |
4 893 |
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2019 жылғы 13 желтоқсандағы №135 бұйрығымен бекітілген Ыстықтай илектелген прокатты әкелуге арналған арнайы квота көлемдерін сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы ережесіне сәйкес тауарды әкелуге арналған арнайы квота көлемі сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың арасында екі кезеңде бөлінеді.
Бірінші кезең - 2019 жылғы 1-31 желтоқсан, екінші кезең - 2020 жылғы 1 қаңтардан 30 қараша.
Сыртқы сауда қызметінің әрбір қатысушысы үшін тауарлар импортына лицензиялар тауарды әкелуге арналған арнайы квота көлемі таусылғанға дейін тиісті кезеңге көзделген, тауарды әкелуге арналған арнайы квота көлемінен 15 пайыздан аспайтын көлемде беріледі.
Тауарды әкелуге арналған арнайы квотаны бірінші кезеңде бөлу нәтижелері бойынша бөлінбей қалған көлемі екінші кезеңде бөлінуге жатады.
Тауарлардың жекелеген түрлерін импорттауға лицензия беру өтінішін «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы (www.elicense.kz – Мемлекеттік органдар бойынша қызметтер - Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Еуразиялық экономикалық комиссиясы шешімдерінің негізінде сыртқы сауда қызметінің кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу, сондай-ақ арнайы қорғау шараларын қолданған кезде тауарларды импорттау).
Қызмет ақылы болғандықтан, сондай-ақ 10 АЕК мөлшерінде бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат (бюджетке төлем қызмет алушының орналасу орны бойынша, КНП-911, КБК – 105402) тіркеледі.
Тіркелген құжаттардың көшірмелерінің әр беті өтініш берушінің қолымен және мөрімен парафирленеді.
Сонымен қатар, өтініштерді беру және лицензия алу барысындағы мәселелер бойынша
74-92-55 телефондары арқылы біле аласыз.