Көтерме-тарату орталықтарына талаптарды бекіту туралы және «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 4-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған Көтерме-тарату орталықтарына қойылатын талаптар бекітілсін.
- «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тізілімінде № 11148 тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 28 қыркүйекте жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Ішкі сауда қағидаларында:
2-тармақта:
8) тармақша алып тасталсын;
12) тармақша алып тасталсын;
23) тармақша алып тасталсын;
25-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«25) көтерме-тарату орталығы (бұдан әрі – КТО) – азық-түлік тауарларымен, кейін оларды ішкі және сыртқы нарықтарда көтерме өткізу үшін арналған сатып алу, дайындау, тарату және өзге операцияларды орындау үшін және қойма құрылыстарынан, сауда павильондарынан және арнайы жабдықтары бар басқа да үй-жайлардан тұратын көп функционалды сауда-логистикалық инфрақұрылым кешені;
49) тармақша алып тасталсын;
57) және 58) тармақшалар алып тасталсын;
33-1 және 33-2 - тармақтар алып тасталсын;
33-5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«33-5. КТО функциясына:
- өндірушілерден, ауыл шаруашылығы кооперативтерінен, дайындаушы ұйымдар және қайта өңдеушi кәсiпорындардан өнімді өткізуге қабылдау;
- КТО аумағында тиісті мамандардың, зертханалар және мамандандырылған жабдықтардың болуы есебінен өткізілетін өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- тауарлардың қозғалыс логистикасын қамтамасыз ету;
- қазіргі заманға сай сауда технологияларына сәйкес сатушыларды сауда орнымен қамтамасыз ету;
- КТО-да сатылатын тауарлардың сапасын тексеру және сертификатталуын қамтамасыз ету;
- өнімнің сату алдындағы дайындығы;
- тауар партияларын жиынтықтау;
- өнімді сақтау;
- өнімді көтерме және бөлшек сату, оның ішінде электрондық биржалық сауданы ұйымдастыруға жағдай жасау мүмкіндігі;
- өнімнің түскен көздерін және арналарын қадағалауды қамтамасыз ету үшін өнімді өндіру және қозғалысы бойынша талдау жүргізу (клиенттік базасын, өндірушілер базасын қалыптастыру);
- КТО-ның субъектілерін ақпараттық қолдау;
- дайындаушы ұйымдарға, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне және қайта өңдеушi кәсiпорындарға тауарларды өткізу бойынша консультативтік көмек көрсету;
- электрондық сауда алаңын ұйымдастыру (жеке немесе қолданыстағы электрондық сауда алаңында қатысуы);
- КТО-да өткізілетін өнімдердің бағасын күнделікті жинау, оларды көзге көрінетін жерлерде және КТО-ның интернет-ресурстарында орналастыру кіреді.
Қызметінің ерекшелігін ескере отырып, КТО:
- өндірушілер үшін маркетингтік зерттеулер жүргізуі;
- сервистік қызметтер көрсетуі (қоғамдық тамақтандыру, автотұрақ, қонақ үй және тағы басқалары);
- импорттық және (немесе) экспорттық операциялар жүргізуі, импорттық тауарды өңдеуі мүмкін;»;
33-7-тармақ алып тасталсын.
- Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ішкі сауда департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы Аты-жөні
| |
|
|
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
_______________ Т.А.Ә.
2020 жылғы «___» _________
|
|
|
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
_______________ Т.А.Ә.
2020 жылғы «___» _________
|
|
|
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрі
_______________ Т.А.Ә.
2020 жылғы «___» _________
|
|
|
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрі
_______________ Т.А.Ә.
2020 жылғы «___» _________
|
|
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрінің
2020 жылғы « »
№ бұйрығымен бекітілген
Көтерме-тарату орталықтарына қойылатын талаптар
1-тарау. Жалпы ережелер
- Осы Көтерме-тарату орталықтарына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 4-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында көтерме-тарату орталықтарына қойылатын талаптарды белгілейді.
- Осы Талаптарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
- көтерме-тарату орталығы (бұдан әрі – КТО) – азық-түлік тауарларымен, кейін оларды ішкі және сыртқы нарықтарда көтерме өткізу үшін арналған сатып алу, дайындау, тарату және өзге операцияларды орындау үшін және қойма құрылыстарынан, сауда павильондарынан және арнайы жабдықтары бар басқа да үй-жайлардан тұратын көп функционалды сауда-логистикалық инфрақұрылым кешені;
- кросс-докинг аймақ – тауарларды ұзақ уақытқа сақтауға орналастырмай, тікелей қабылдау және жөнелту үшін арналған аймақ;
- терминалды аймақ – жүкті түсіру және тиеу операцияларын өткізуге арналған аймақ, сондай-ақ жүкті және жеңіл автомобилдерге арналған тұрақ орындары;
- бақылау аймағы – ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық бақылауды, санитариялық-эпидемиологиялық және Қазақстан Республикасының заңмамасына сәйкес өзге де бақылау түрлерін жүргізуге арналған аймақ;
- қойма аймағы– қойма үй-жайлары, объектілер мен құрылғылар орналасқан аймақ;
- сауда-көрме аймағы – тауарларды көрсетуге, жайып қоюға, сондай-ақ сатып алушыларға қызмет көрсетуге және шарттар жасасу мен төлемдер жүргізуге арналған, арнайы құралдармен жабдықталған аймақ;
- технологиялық аймақ – жууға, өңдеуге, кептіруге, құрғақ тазалауға, сұрыптауға, калибрлеуге, өлшеп орауға, орауға және/немесе ұқсас операцияларды орындауға арналған аймақ;
- әкімшілік аймақ– КТО-ның әкімшілігі орналастырылатын әкімшілік үй-жайлар кешені орналаскан аймақ;
- кеден аймағы – экспорттық және (немесе) импорттық операциялар жүзеге асырылатын аймақ.
- КТО-ның жұмыс істеуіне қажетті жұмыстарды орындайтын және/немесе қызмет көрсететін (кеден, санитарлық-ветеринариялық, фитосанитарлық, банктік, қаржылық, заңдық, консультациялық, сақтандыру, жарнама) ішкі сауда субъектілері мен басқа да жеке және заңды тұлғалар КТО субъектілері болып табылады.
2-тарау. КТО қойылатын талаптар
- КТО мынадай аймақтардан тұрады:
1) кросс-докинг аймағы;
2) терминалды аймақ;
3) бақылау аймағы;
4) қойма аймағы;
5) сауда-көрме аймағы;
6) технологиялық аймақ;
7) әкімшілік аймақ.
Қосымша кеден аймағы көзделуі мүмкін.
- КТО-да сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында бір әкімшілік ғимаратта ресімдеудің операциялық залын және кеден ісі, ветеринариялық-санитариялық бақылау және өсімдіктер карантинін бақылау саласындағы уәкілетті органдарды орналастыру үшін, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы, кедендік және өзге операцияларды, сондай-ақ қажетті рұқсат беру құжаттарын беретін ұйымдар үшін қызметтік үй-жайлар орналастыру қажет. Үй-жайлар саны және олардың әр бір қызметке арналған алаңы жобалау кезеңдерінде тиісті уәкілетті ұйымдармен келісіледі.
- КТО-да тауарларды қарауға арналған орындардың, оның ішінде жасанды жарықтандырумен жарақталған және қабілеттілігі 1920х1080 пиксельден кем емес рұқсатта өткен оқиғалар бойынша бейне ақпаратты соңғы отыз күнтізбелік күн арасында көруге мүмкіндік беретін тәулік режимінде жұмыс істейтін бейне бақылау құралдарымен жабдықталған көлік құралдарын тереңдетілген тексеріп қарау бекетінің болуын көздеу қажет.
- Кеден бақылауды жүргізу орындарына бөгде адамдардың кіруін болдырмау мақсатында кеден бақылау аймақтары қоршаумен жабдықталады. Бұл ретте, тексеріп қарау алаңдарында кіру мен шығу, көлік құралдарын қайта тиеу орындарында барынша қарқынды жарық, сондай-ақ бейне бақылау жүйесі қарастырылады.
- КТО-ның құрылысы мен жобалау кезеңінде іске асырылатын қызмет көрсету объектілері (тамақтану пункттері, банктік терминалдар, валюта айырбастау пункттері, пошта және өзге де объектілер) КТО аумағында режимдік аймақтарда кедендік бақылау туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып орналастырылады.
- КТО әкімшілігі кеден ісі, ветеринариялық-санитариялық бақылау және өсімдіктер карантині бойынша бақылау, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдар мен ведомстволарға кедендік және басқа да бақылау түрлерін жүзеге асыру үшін өтеусіз негізде қызметтік үй-жайлармен қамтамасыз етеді, сондай-ақ коммуналдық қызмет, байланыс арналары бойынша барлық шығындарды көтереді.
- КТО 30% кем емес сауда орындары ауыл шаруашылығы кооперативтерін қоса алғанда, тікелей азық-түлік тауарларын өндірушілерге жалға беріледі.
- КТО техникалық жарақтандыру мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
1) тиеу-түсіру техникасын, салмақ өлшейтін жабдықтың болуы;
2) бір немесе бірнеше жер үсті көлік түрлерінің кірме жолдары болуы;
3) тауарлар мен көлік құралдарын есептейтін автоматтандырылған жүйенің болуы;
4) КТО әкімшілік ғимараттарында серверлік байланыс тораптардың,
тамақ ішу және демалу үшін үй-жайларының, сондай-ақ санитарлық тораптардың (ерлер/әйелдер) болуы;
5) үлкен жүк көлігін тұрақтандыруға арналған алаң мен жеңіл автомобильдерге тұрақтың болуы;
6) үлкен жүк көлігінің маневрлеуі үшін алаңдардың болуы;
7) желдету жүйесінің болуы;
8) тиеу-түсіру жұмыстарының қазіргі заманғы механикаландыруының болуы;
9) қойма аймағында реттелетін температуралық режим;
10) КТО барлық периметрі бойынша, алаңдарда, ғимараттарда орналасатын объектілерді (аумақтарды) нақты уақыт режиміндегі деректерді сақтай отырып, бақылау жүргізуді қамтамасыз ететін бейне бақылау жүйесінің болуы;
11) өрт дабылын беру жүйесі мен автоматты өрт сөндіру жүйесінің болуы;
12) күзет дабылы жүйесінің болуы;
13) электр қуаты жүйесін авариялық ажырату кезінде ғимараттарды, үй-жайларды, құрылыстарды, жабдықтарды, техникалық бақылау құралдарын электрмен қоректендіруді қамтамасыз етуге арналған резервті электрмен жабдықтау жүйесінің болуы.
___________________________