Меню

Страницы

Статья

2020 жылға ет әкелу үшін тарифтік квоталар көлемін бөлу тәртібі туралы хабарландыру

2020 жылға ет әкелу үшін тарифтік квоталар көлемін бөлу тәртібі туралы хабарландыру

Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2019 жылғы 31 шілдедегі №127 шешіміне сәйкес 2020 жылға тарифтік квоталар белгіленетін тауарлар тізімі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы үшін осы тауарларды әкелу үшін тарифтік квоталар көлемі анықталды:

 

СЭҚ ТН коды

Тауардың атауы

Көлемі, тонна

1

2

3

0201 10 000 1, 0201 20 200 1, 0201 20 300 1, 0201 20 500 1, 0201 20 900 1, 0201 30 000 4

ірі қара малдың еті, жас немесе тоңазытылған

21 000

0202 10 000 1, 0202 20 100 1, 0202 20 300 1, 0202 20 500 1, 0202 20 900 1, 0202 30 100 4, 0202 30 500 4, 0202 30 900 4

ірі қара малдың еті, мұздатылған

0207 14 200 1, 0207 14 600 1

мұздатылған сүйегі сылынбаған үй тауықтарының тұтас етінің жартысы немесе төрттен бір бөлігі және мұздатылған сүйегі сылынбаған үй тауықтарының аяқтары мен олардан тілімдер

128 000

0207 13 100 1

үй тауықтарының жас немесе тоңазытылған сүйегі сылынған еті

12 000

0207 14 100 1

үй тауықтарының мұздатылған сүйегі сылынған еті

0207 26 100 1

күркетауықтың жас немесе тоңазытылған сүйегі сылынған еті

0207 27 100 1

мұздатылған сүйегі сылынған күркетауық еті

0207 27 300 1, 0207 27 400 1, 0207 27 600 1, 0207 27 700 1

мұздатылған сүйегі сылынбаған күркетауықтың тұтас етінің бөліктері

0207 11 100 1, 0207 11 300 1, 0207 11 900 1, 0207 12 100 1, 0207 12 900 1, 0207 13 200 1, 0207 13 300 1, 0207 13 400 1, 0207 13 500 1, 0207 13 600 1, 0207 13 700 1, 0207 13 910 1, 0207 13 990 1, 0207 14 300 1, 0207 14 400 1, 0207 14 500 1, 0207 14 700 1, 0207 14 910 1, 0207 14 990 1, 0207 24 100 1, 0207 24 900 1, 0207 25 100 1, 0207 25 900 1, 0207 26 200 1, 0207 26 300 1, 0207 26 400 1, 0207 26 500 1, 0207 26 600 1, 0207 26 700 1, 0207 26 800 1, 0207 26 910 1, 0207 26 990 1, 0207 27 200 1, 0207 27 500 1, 0207 27 800 1, 0207 27 910 1, 0207 27 990 1, 0207 41 200 1, 0207 41 300 1, 0207 41 800 1, 0207 42 300 1, 0207 42 800 1, 0207 43 000 1, 0207 44 100 1, 0207 44 210 1, 0207 44 310 1, 0207 44 410 1, 0207 44 510 1, 0207 44 610 1, 0207 44 710 1, 0207 44 810 1, 0207 44 910 1, 0207 44 990 1, 0207 45 100 1, 0207 45 210 1, 0207 45 310 1, 0207 45 410 1, 0207 45 510 1, 0207 45 610 1, 0207 45 710 1, 0207 45 810 1, 0207 45 930 1, 0207 45 950 1, 0207 45 990 1, 0207 51 100 1, 0207 51 900 1, 0207 52 100 1, 0207 52 900 1, 0207 53 000 1, 0207 54 100 1, 0207 54 210 1, 0207 54 310 1, 0207 54 410 1, 0207 54 510 1, 0207 54 610 1, 0207 54 710 1, 0207 54 810 1, 0207 54 910 1, 0207 54 990 1, 0207 55 100 1, 0207 55 210 1, 0207 55 310 1, 0207 55 410 1, 0207 55 510 1, 0207 55 610 1, 0207 55 710 1, 0207 55 810 1, 0207 55 930 1, 0207 55 950 1, 0207 55 990 1, 0207 60 050 1, 0207 60 100 1, 0207 60 210 1, 0207 60 310 1, 0207 60 410 1, 0207 60 510 1, 0207 60 610 1, 0207 60 810 1, 0207 60 910 1, 0207 60 990 1

жоғарыда аталмаған 0105 тауар позициясында көрсетілген үй құсының жас, тоңазытылған немесе мұздатылған еті және тағамдық субөнімдері

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы №30 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасына еттің кейбір түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталардың көлемдерін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында бөлу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция  министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) тарихи және жаңа өнім берушілер арасында тарифтік квота көлемін бөлуді жүзеге асырады.

Тарихи өнім берушілерден өтініштерді қабылдау Министрліктің 2020 жылға тарихи өнім берушілер арасында тарифтік квота көлемін бөлуді бекіту туралы бұйрығы күшіне енгеннен кейін жүзеге асырылатын болады.

Қағидалардың 16-тармағына сәйкес жаңа өнім берушілерден ірі қара мал етін және құс етінің импортына өтініштерді қабылдау 2020 жылғы 1 наурыздан басталады.

Сондай-ақ, Қағидаларға сәйкес еттің жекелеген түрлерінің импортына лицензия беру квота таусылғанға дейін кезекті тәртібімен жүзеге асырылады.

Еттің жекелеген түрлерінің импортына арналған лицензияларды Өтініште көрсетілген сан бойынша жаңа өнім берушілер үшін айқындалған жылдық тарифтік квотаның жалпы көлемінен әр жаңа өнім беруші үшін он бес пайыздан аспайтын көлемде, жаңа өнім берушілер үшін көзделген тарифтік квоталар көлемдері таусылғанға дейін беріледі.

 

Тауарлардың жекелеген түрлерін импорттауға лицензия беру өтінішін «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы (www.elicense.kz – Мемлекеттік органдар бойынша қызметтер - Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі, Еуразиялық экономикалық комиссиясы шешімдерінің негізінде сыртқы сауда қызметінің кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу, сондай-ақ арнайы қорғау шараларын қолданған кезде тауарларды импорттау).

 

2014 жылғы 14 қазандағы №240-V ҚРЗ Қазақстан Республикасы Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымшамен бекітілген Таурлар экспортына және (немесе) импортына лицензиялар және рұқсаттар беру қағидаларының 10-тармағына сәйкес лицензияны ресімдеу үшін өтінім беруші мынадай құжаттар мен мәліметтерді береді:

      1) 2014 жылғы 6 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссия Коллегиясының
№ 199 шешімімен бекітілген Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру туралы өтінішті ресімдеу және осындай лицензияны ресімдеу туралы нұсқаулыққа сәйкес толтырылған және ресімделген лицензия беру туралы өтініш;

      2) сыртқы сауда шартының (келісімшартының) көшірмесі, қосымшалары және (немесе) оған толықтырулар (біржолғы лицензия үшін), ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда - тараптардың ниеттерін растайтын өзге де құжаттың көшірмесі;

      3) салық органында есепке қойылғаны туралы немесе мемлекеттік тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі (егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса, мәліметтер).

Қызмет ақылы болғандықтан, сондай-ақ 10 АЕК мөлшерінде бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат (бюджетке төлем қызмет алушының орналасу орны бойынша, КНП-911, КБК – 105402) тіркеледі.

Тіркелген құжаттардың көшірмелерінің әр беті өтініш берушінің қолымен және мөрімен парафирленеді.

 

Заңнамада белгіленген тәртіппен берілген лицензияның болуы кезінде лицензияттық Еуразиялық экономикалық одағының Бірыңғай кеден тарифінің кедендік әкелу баждарының квотаішілік мөлшерлемелері бойынша салық салынатын тиісті тауар әкелуге құқығы бар.

Сонымен қатар, өтініштерді беру және лицензия алу барысындағы мәселелер бойынша
74-92-55 телефондары арқылы біле аласыз.

 

Дата публикации
27 января 2020
Дата обновления
28 января 2020
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ-ның Сауда саясатына шолу жасау жөніндегі органның тарихи төрағалығын сәтті аяқтады
Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ ның Орталық Азиядағы алғашқы өңірлік бағдарламасын іске қосты
Инфографика
17 июля 2026
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ДСҰ 10 жыл толыққанды мүшелік

Социальные медиа

Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы