Меню

Страницы

Статья

Сауда және интеграция министрі Б.Т. Сұлтановтың ҚР Үкіметі отырысында тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесін енгізу мәселесі бойынша баяндамасы Нұр-Сұлтан қ. 2020 жылғы 17 қараша, Үкімет Үйі, 303 каб., сағ.09:00

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

 Құрметті әріптестер!

 

2-слайд

Еуразиялық интеграцияның негізгі басымдықтарының бірі – тауарлардың еркін және заңды айналымын, теңдестірілген сауда мен адал бәсекелестікті қамтамасыз ету бағыттарында үйлестірілген саясат жүргізу.

2019 жылы Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық одақ аумағында ауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімді ратификациялады.

Келісім нормаларын орындау шеңберінде Қазақстан Еуразиялық экономикалық комиссияның тері бұйымдарын, аяқ киім тауарларын, иіссуларды, шиналар мен резеңке тыстарды таңбалау жөніндегі негізгі шешімдеріне қосылды. Ашық үш кезеңді конкурс өткізу арқылы Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторы айқындалды.

3-слайд

Қазіргі жағдай бойынша, екі жылдық пилоттық жобаларды іске асыру нәтижесінде елімізде табиғи теріден жасалған бұйымдарды 2019 жылғы
1 наурыздан бастап және темекі өнімдерін биылғы жылғы 1 қазаннан бастап міндетті түрде таңбалау енгізілді.

Тері бұйымдарын таңбалау салық заңнамасын бұзушыларды, яғни жеңілдетілген салық салу үшін арнайы салық режимі бойынша шекті межелік мәнді қолдану мақсатында кірістері төмендетілген, салық төлеушілерді анықтауға мүмкіндік берді. Нәтижесінде, патент негізінде қызметті жүзеге асыратын субъектілер саны 13 есеге қысқарды.

2018 жылы тауарларға декларация ресімдеген импорттаушылардың саны оның алдыңғы жылмен салыстырғанда 30%-ке өсті, ал олардан импорт бойынша кедендік баждар мен салықтар түсімдерінің өсімі 40%-ті құрады. Осы қызмет бойынша ішкі салықтар түсімдерінің өсімі 1,5 есе артты.

 

4-слайд

Басқа елдердің тәжірибесін қарастырсақ, Ресей Федерациясында бірқатар тауар санаттары бойынша таңбалау нарықтың «тазару» әсерін көрсетті.

Егер бұрын ресейлік аяқ киім нарығының көлемі 330 миллион жұп аяқ киімге бағаланса, таңбалауды енгізгеннен кейін шынайы мөлшері едәуір жоғары екендігі айқындалды. Нәтижесінде, қазір ресейлік оператордың жүйесінде аяқ киімді таңбалау үшін 2 миллиардтан астам код шығарылды және өсу жалғасуда.

Өткен уақыт ішінде темекіні таңбалау нарықта темекі өндірушілердің 30%-ке көп екендігін анықтауға мүмкіндік берді, ал сапасыз дәрілердің айналымы 2,5 есе төмендеді.

5-слайд

Жалпы, халықаралық тәжірибе тауарларды таңбалау – сауда саласының көлеңкелі айналымын төмендетуге бағытталған пәрменді құралдардың бірі екендігін дәлелдейді.

Мысалы, Бразилия мен Түркияда алкогольді және алкогольсіз сусындар сегментінде салықтардың жиналуы сәйкесінше 20% және 142%-ке өсті.

Еуропалық Одақ елдерінде цифрлық қадағалау жүйесі 5 жыл ішінде контрабандалық өнім айналымын 30%-ке төмендетті.

Америка Құрама Штаттарында дәрі-дәрмектерді таңбалау қайтарып алу процесін 3 күннен 10 секундқа дейін жеделдетуге мүмкіндік берді.

6-слайд

Қазақстан Республикасында 6 сала бойынша таңбалауды енгізу көзделген  тауар топтарында көлеңкелі нарық көлемі сараптамаларға сәйкес 63%-ке дейін жетеді.

Осы тауар топтарын таңбалауды енгізу арқылы, заңды тауар айналымының көлемі                            337 миллиард теңгеге, ал бюджет кірістері 58 миллиард теңгеге артады деп болжануда.

 

7-слайд

Жоғарыда аталған тауарларды таңбалауды және олардың қадағалануын енгізу еліміздің экономикасына оң әсер тигізетіні сөзсіз.

Мәселен, бұл шаралар адал бәсекелестікті дамытуға ынталандырады және заңды нарық үлесі мен өндіріс көлемін 30-50%-ке ұлғайтады.

Бұл өз кезегінде өзіндік құнды төмендетіп, бағаны тауарлардың ағымдағы құнынан 5-10%-ке төмендетуге және жаңа жұмыс орындарының арқасында 2-3 мың азаматтарымызды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.

 Ал тауарлардың заңсыз айналымына қарсы
іс-қимылдың кешенді жүйесінің тиімділігі едәуір артады.

 

8-слайд

Қаржы министрлігінің деректері бойынша 2016 жылдан бастап бақылау және қадағалау арқылы ішкі айналымда 30 миллиард теңгеден астам сомаға контрафактілік тауарлар анықталды.

Осындай шығынды тексеру шараларының орнына нарықты тазартатын тиімді жүйе енгізіледі деп айтуға болады.

Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануын кешенді жүйесін енгізу 5 жылдың ішінде бюджетке 2,6 триллион теңге құрайтын кумулятивтік әсерін береді деп күтілуде.

 

 

9,10-слайд

Тауарларды таңбалау және қадағалау халқымыздың денсаулығына теріс әсер беретін тауарларға жол бермеуді, бизнес үшін жағдайды теңестіруді, тауарлардың сапасы мен экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, сондай-ақ бюджетке салық түсімдерін арттырады.

Бизнес пен мемлекет бюджетіне қосымша кіріс әкелетін нақты мақсаттарды көздейтін мемлекеттік бағдарлама құруды қамтамасыз етеді. Мемлекет қосымша табыс тауып, Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде оның қайтарымдылығын мемлекеттік қолдау ретінде қамтамасыз етеді.

11-слайд

Министрліктің алдында таңбалауға жататын тауарлар тізбесін толықтыру бойынша тауар топтарына талдау жүргізу және мемлекеттік органдардың, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдердің ақпараттық жүйелерін интеграциялау міндеттері тұр.

Таңбалау және сәйкестендіру жабдықтарын, қаптама материалдарын сатып алу және өндіруді «Қарапайым заттар экономикасы» арқылы оқшаулау бойынша мемлекеттік қолдау шараларын айқындауды ұсынамыз.

Таңбаланған тауарлардың айналымы мен олардың қадағалануын бақылау фискалдық органдарға жүктеуді сұраймыз.

Жобаны іске асыруды жеделдету үшін, құрметті Асқар Ұзақбайұлы, барлық мүдделі тараптарға жобаны іске асыруда барынша көмек көрсетуді тапсыруды сұраймын.

 

Назарларыңызға рақмет!

Дата публикации
17 ноября 2020
Дата обновления
17 ноября 2020
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ-ның Сауда саясатына шолу жасау жөніндегі органның тарихи төрағалығын сәтті аяқтады
Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ ның Орталық Азиядағы алғашқы өңірлік бағдарламасын іске қосты
Инфографика
17 июля 2026
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ДСҰ 10 жыл толыққанды мүшелік

Социальные медиа

Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы