Меню

Страницы

Статья

ҚР Сауда және интеграция министрі Б. Сұлтановтың техникалық реттеу бойынша заң жобасына баяндама

ҚР Сауда және интеграция министрі Б. Сұлтановтың
техникалық реттеу бойынша заң жобасына баяндама


Құрметті Нұрлан Зайруллаұлы!
Құрметті Парламент Мәжілісінің депутаттары!

 

Ағымдағы жылдың 24 қаңтарында Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы ұлттық стандарттарға сенімді қайтару, техникалық регламенттердің күшіне ену проблемаларын айта келе, өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын көтеру бойынша нақты тапсырмалар берді.
«Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Мемлекет басшысының биылғы жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында сертификаттау сыбайлас жемқорлық туындайтын саланың бірі болып табылатыны және қайта реттеуді талап ететіні де атап өтілген.
Жалпы, техникалық реттеудің негізгі проблемалары келесі ірі мәселерден туындайды:
нарықты қорғау жүйесінің функционалдык тиімділігінің жеткіліксіздігі;
әр-түрлі салаларда өздерінің бәсекелестік артықшылығын қорғау мақсатында отандық өндірушілердің техникалық реттеудің толық қолданбауы;
өнім бойынша ақпарат алмасу және өзара іс-қимылдың «қолмен басқару режимі» мен «қағаз» жүзінде сертификаттау.
Бұдан бөлек, жаһандық талаптар жағдайында әрекет етуді талап ететін еліміздің экономикасының дамуына әсер ететін жүйелік факторлар бар.
Олардың ішінде:
ішкі және сыртқы нарықтардағы тұтынушылардың тарапынан отандық тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігіне талаптардың күшейуі;
импорттық тауарлар тарапынан «қысым» және экспорттың жаңа нарықтарына шығу;
интеграциялық процестерді тереңдету.
Осыған байланысты және аталған кемшіліктерді жүйелі түрде шешу үшін Үкімет техникалық реттеу туралы заңның жаңа редакциясының жобасын әзірлеп, Парламенттің қабылдауына ұсынды.

Құрметті депутаттар!

Заң жобасының негізгі ережелерін қысқаша атап өтуге рұқсат етіңіздер.
Бірінші – ішкі нарықты «тазарту».
Бұл мәселедегі заңнамалық жаңалығы – субъектілердің бақылауынан объектілердің бақылауына көшу. Яғни өндіруші немесе сатушы емес, өнімнің өзі тексерілетін болады.
Ол үшін зертханаларда сынақ жүргізу үшін адам өміріне қауіпті өнім үлгілерін сатып алу рәсімдері енгізіледі.
Сынақ нәтижелерімен дәлелденген қауіпті өнімді ңарықтың айналымынан жедел түрде шығарып алу мақсатында нарықты қадағалау институты енгізілуде.
Бұл жаппай бақылауды білдірмейді. Объектілер ақпараттық базада «онлайн» режимде қадағаланатын болады, ал тексерулер тек «анықтау - сынау – нарықтан алу» схемасы бойынша жүзеге асырылады.
Екіншісі - сәйкестікті бағалау рәсімдерін жетілдіру, сертификаттау және аккредиттеу процестерін цифрландыру.
Ол үшін:
электрондық сертификаттарға көшу, кейіннен Еуразиялық экономикалық комиссияның ортақ процестерімен интеграциялау қарастырылған;
сәйкестікті бағалауға өндіруші, өндірушінің уәкілетті тұлғасы, импорттаушы, сатушы деген өтініш беруішілердің нақты тізімі бекітіледі;
сертификат «иесінің» және «пайдаланушысының» құқығы туралы мағынасы енгізіледі;
сынақ процесінің фото-бейне тіркеу механизмі көзделеді;
сынақ базасының болуына қойылатын талаптар белгіленеді.
Аталған шараларды қабылдау нәтижесінде сертификаттау кезінде сынақ нәтижелерінің дұрыстығын 100%-ге дейін жеткізу күтілуде, және сертификатталмаған өнімді толық бақылауға алу мүмкіндік беріледі.

Үшінші – экономикалық салаларда техникалық реттеуді күшейту.
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде келіссөздер позициясын сапалы қалыптастыру мақсатында салалық мемлекеттік органдар жанында Сараптамалық кеңестер қызметін қайта құру көзделуде.
Қазақстандық техникалық регламенттерді әзірлеудің тәртібі қайта қаралады.
Бизнес үшін ерікті сертификаттау жүйесін құрудың құқықтық тетігі белгіленеді.
Қазақстанда тиісті зертханалық практиканы дамыту мәселесіне аса көңіл бөлінеді. Ол үшін ұлттық аккредиттеу орталығына мониторинг органының функцияларын тиісті зертханалық практикаға беру көзделеді. Бұл Экономиқалық ынтымастығының даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінде қазақстандық сынақ хаттамаларын тануға серпін береді.
Аталған нормалар қазақстандық тауарларды сыртқы нарыққа шығару, отандық өндірушілердің бәсекелестік артықшылығын қорғауға және Қазақстанға тиімді позицияларды кәсіби түрде қорғауға бағытталған.

Құрметті депутаттар!


Қорытындылай келе, аталған ережелерді заңнамалық тұрғыдан бекіту айтарлықтай оң нәтижелерге әкелетінін және Үкіметтің арсеналында бар техникалық реттеу және тұтынушылардың құқықтарын қорғау құралдарын толық пайдалануға негізін қалайтынын атап өткім келеді.
Сондай-ақ, ұсынылып отырған жана заңнамалық база:
мемлекет үшін - бақылау-қадағалау қызметінің айқындығын арттыруға, қауіпті өнімге нарыққа жол бермеуге, сыбайлас жемқорлық қаупін төмендетуге;
бизнес үшін – адал кәсіпкерлікке жағдай жасауға;
тұтынушы үшін – неғурлым сапалы өнімді таңдауға және алдау тәжірибесін алдын алу қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Заң жобасын бірінші оқылымда қолдауңызды сұраймын.

 


НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!


ҚР Сауда және интеграция министрі Б. Сұлтановтың
техникалық реттеу бойынша іліспе заң жобасына баяндамасы


Құрметті Нұрлан Зайруллаұлы!
Құрметті Парламент Мәжілісінің депутаттары!

Ұсынылып отырған заң жобасы 3 Кодекстің және 15 Заңнамалық актілер нормаларын техникалық реттеу туралы жаңа редакциясындағы заң жобасына және Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық базасына сәйкес келтіруді көздейді.
Аккредиттеу саласында электрондық аккредиттеу жүйесіне толық көшуін көздейді, аккредиттеу органының және субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін ретке келтіртеді. Бұл өзгерістер аккредиттеу органының мәртебесін арттырып, субъектілердің барлық циклдегі қызметтерінің айқындығын қамтамасыз етіп олардың жауапкершілігін күшейтеді. «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңға енгізілетін өзгерістер аккредиттеу органға Республикалық мемлекеттік қәсіпорын ұйымдық-құқықтық нысанын беруді көздейді.
Метрология саласында тұтынушылардың таразыдан желініп қалмауының алдын алу мақсатында буып-түйілген тауарларға мемлекеттік бақылау енгізіледі.
Стандарттау саласында халықаралық, шетелдік стандарттарды тікелей қолдану көзделеді. Бұл жаңа технологияларды дер кезде енгізуге және тиімді инвестициялар тартуға мүмкіндік береді.
Әкімдіктерге «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» Заңдарға өзгерістер енгізу арқылы аттракциондарды қауіпсіз пайдаланылуының бақылау функциясын береді.
Анықтама ретінде: «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс, Су кодексі, «Астық туралы», «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы», «Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы», «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы», «Этил спирті мен алкоголь өнімдерінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңдары.

 

Құрметті депутаттар!


Мен жоғарыда атап өткендей бұл өзгерістер елімізге, бизнес пен тұтынушыларға тиімді, оң нәтижесін береді.
Осыған байланысты, құрметті депутаттар, заң жобасын бірінші оқылымда қолдауңызды сұраймын.


НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Дата публикации
11 ноября 2020
Дата обновления
11 ноября 2020
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ-ның Сауда саясатына шолу жасау жөніндегі органның тарихи төрағалығын сәтті аяқтады
Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ ның Орталық Азиядағы алғашқы өңірлік бағдарламасын іске қосты
Инфографика
17 июля 2026
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ДСҰ 10 жыл толыққанды мүшелік

Социальные медиа

Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы