Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі Б.Т. Сұлтановтың Қазақстан Республикасы Үкіметінің отрысына баяндамасы

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Құрметті әріптестер!

 

1 Слайд.

Ішкі нарықты сапалы тауарлармен толықтыру мақсатында отандық тауар өндірушілерге қолайлы жағдай қамтамасыз ету үшін Ұлттық тауар өткізу жүйесін құру бойынша жұмыс жүргізілуде. Ол азық-түлік тізбегінің шығындарын азайту, бағаларды тұрақтандыру, сауда инфрақұрылымын дамыту және экспорт арналарын құру шараларын кешенді түрде іске асыруға мүмкіндік береді.

Тауарларды таратудың жаңа жүйелі инфрақұрылымы Еуразиялық азық-түлік хабының басты инфрақұрылымына айналады. Бұл мақсат алдымызда Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған.

2 Слайд.

Ұлттық тауар өткізу жүйесі фермерлер, олардың өнімін көтерме сатып алушылар, тасымалдаушылар, сатушылар мен тұтынушылар кластерлерін біріктіру үшін зәкірлік инфрақұрылым ретінде әрекет етеді.

Ұсынылып отырған жүйенің өзегі үш түрдегі көтерме-тарату орталықтарының бірыңғай желісі болады.

Бірінші. Сақтау көтерме-тарату орталықтары – бұл тағам өндіру аймақтарында фермерлердің өнімдерін қабылдау, сақтау және бастапқы пысықтау яғни жуу, калибрлеу, буып-түю сияқты жұмыстар бойынша және оларды кейіннен өткізу үшін қызметтерді көрсетеді.

Екінші түрі – Сауда көтерме-тарату орталықтары. Олар облыс орталықтары мен ірі шаһарлардың маңында орналасатын болады.

Олардың функциялары – фермерлерге, көтерме трейдерлерге және дистрибьюторларға, сондай-ақ сауда желілері, дүкендер мен базарлар, қоғамдық тамақтандыру сияқты сатып алушыларға өнімді өткізу үшін сауда инфрақұрылымына еркін қол жеткізу, өткізу кезеңінде уақытша сақтау, пысықтау және басқа да ілеспе қызметтер болып табылады.

Үшінші түрі – Тарату орталықтары қалалар шегінде немесе қала маңында орналасады. Олардың мақсаты – сауда объектілерінің, мұқтаждықтары үшін отандық тауар өндірушілердің өнімдері мен импорттық тауарлардың көтерме партияларын уақытша сақтау және қайта тиеу бойынша логистикалық қызметтерді көрсету.

Осылайша, Ұлттық тауар өткізу жүйесі өндірушілердің өткізу нарықтарына «алқаптан» «сөреге» дейін, ал тұтынушыларға сапалы өніммен еркін қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

3 Слайд.

Көтерме-тарату орталықтарының осындай үш түрлі объектілері өнімді сақтау және қайта тарату бойынша қызметтердің толық кешенін көрсететін болады.

Аталған нысаналардың әр түрінің қуаты мен өлшемдері сауда саласы мен тұтынушылардың қажеттіліктеріне қарай анықталады.

4 Слайд.

Ұлттық тауар тарату жүйесінің ұсынылып отырған моделі жеке қаржылық бастама арқылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаттары бойынша құрылады.

Желіні құру шеңберінде 24 көтерме-тарату орталығын салу ұсынылады.

Тауар өткізу жүйесінің инфрақұрылымы
2,1 млн.тоннадан астам тауарларды қабылдауға, сақтауға қайта тиеуді және 5 мың адамға жұмыс орнын құруды қамтамасыз етеді.

Көтерме-тарату орталығының номенклатурасы
20 мыңнан астам өнім атауын құрайды.

Ұсынылып отырған нысаналарды құру 3 кезеңде жоспарланып отыр.

Бірінші кезеңде 7 объектілері бойынша, оның ішінде 4 сақтау және 3 тарату орталықтарын биылғы жылдың аяғына дейін, екінші кезеңде тағы – 7 объекті бойынша 2021 жылғы көктемге дейін, үшінші кезеңде – 10 объекті туралы 2021 жылғы күзге дейін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік келісім шарттарын жасасу ұсынылады .

5 Слайд.

Бүгінгі күні 7 объектінің құрылысы бойынша жобаның бірінші кезеңін іске асыру үшін жеке қаржылық бастама нысанында жеке инвесторлардың консорциумының атынан өтінім келіп түсті.

Бұл консорциумге агроөнеркәсіптік тауарларының өндірушілері және сауда жүйесіндегі тұлғалары кіреді.

Аталған объектілер Павлодар облысының Мичурин ауылы және Ақсу қаласында, Алматы облысының Қапшағай қаласында, Жамбыл облысы Шу қаласында, сонымен қатар, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Алматы қалаларында орналасатын болады.

6 Слайд.

Көтерме-тарату орталықтарының инфрақұрылымы көршілес елдердің яғни, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанның сауда-тарату жүйелерімен интеграциялануға мүмкіндік береді.
Бұл тауарларды өзара жеткізуді және олардың Еуразиялық экономикалық одақтағы елдердің аумағы арқылы транзитін қамтамасыз етеді, сондай-ақ Иран, Пәкістан, Үндістан, Ауғанстан және тағыда басқа  нарықтарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Экспорттық әлеует шамамен 1,4 млн. тонна өнімді құрайды.

7 Слайд.

Жалпы, ұлттық тауар тарату жүйесін асырудың экономикалық тиімділігі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік келісім шарттың жобасының кезеңінде, яғни 14 жылда  шамамен 1,2 трлн. теңгені құрайды.

Ауыл шаруашылығы тауарлары, өндірушілердің егіннен кейінгі кезеңдегі өнімдеріне шығындарының төмендеуі шамамен 350 мың тонна құрайды, ал жылғы өнімділігі 460,0 мың тоннаға ұлғаяды.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына халықтың шығыстары 10-15 %-ке дейін қысқарады.

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы, Ұлттық тауар өткізу
жүйесінің ауқымдылығын және оны қысқа
мерзімде іске асыру қажеттілігін ескере отырып, мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға салалық қорытындылар мен келісулерді уақытылы әзірлеуді тапсыруды сұраймын.

 

Назарларыңызға рақмет!

Дата публикации
06 октября 2020
Дата обновления
06 октября 2020
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ-ның Сауда саясатына шолу жасау жөніндегі органның тарихи төрағалығын сәтті аяқтады
Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ ның Орталық Азиядағы алғашқы өңірлік бағдарламасын іске қосты
Инфографика
17 июля 2026
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ДСҰ 10 жыл толыққанды мүшелік

Социальные медиа

Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы