Меню

Страницы

Статья

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша анықтама

Заң жобасын қабылдау екі негізгі міндетті шешуге бағытталған: нарықта тәртіп орнату және отандық тауар өндірушілердің бәсекелестік артықшылықтарын іске асыру, олар мынадай тәсілдермен шешілетін болады:

  1. Мемлекеттік бақылау кезінде жедел ден қою тетігін қалыптастыру.

Субъектілерді бақылаудан объектілерді бақылауға көшу жүзеге асырылады, яғни өнімнің қауіпсіздігі бақыланатын болады. Бұл үшін өнімнің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін тексеру мақсатында бақылау субъектісін хабардар етпей, өмірге қауіп төндіретін өнім үлгілерін іріктеу рәсімі жетілдірілетін болады.

Сондай-ақ, қауіпті өнімді жедел алып тастау мақсатында нарықты қадағалау институты енгізілуде. Қазіргі уақытта өнімді қайтарып алу тетігі ұзақ және тиімсіз процесс болып табылады.

Жоғарыда көрсетілген шаралар жаппай бақылауды білдірмейді, барлығы ақпараттық базада «онлайн» режимде қадағаланатын болады, тексерулер тәуекел жүйесі бойынша ғана жүзеге асырылатын болады.

Аталған нормалар қауіпті өнімді іске асыру сатысында: анықтау-сынау – нарықтан алу схемасы бойынша жедел жолын кесуге мүмкіндік береді.

  1. Өнімнің сәйкестігін бағалау рәсімдерінің дұрыстығын қамтамасыз ету.

Өнімге сертификаттарсыз өнімді айналымға шығаруға тыйым салуды енгізу және электрондық сертификаттарды беруге көшу, бұл сертификатталмаған өнімді бақылауға мүмкіндік береді.

Сертификаттау процесіне қатысушылардың жауапкершілігінің «бұлдырлығы» маңызды проблема болып табылады. Сынақтарды адал жүргізген сертификаттың құқық иесі оның сертификатын өнімді сату үшін біреу пайдаланатынын білмеуі мүмкін. Енді біз сертификаттың «иесі» және «пайдаланушысы» ұғымдарын нақты ажыратамыз және электрондық сертификаттарды енгізу арқылы сертификаттың «иесі» өз құжатына пайдалану құқығын бере алады.

Заң жобасы Заңның тұжырымдамалық аппаратын Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартпен сәйкестікке келтіруге бағытталған: импорттаушы, сатушы, дайындаушы, дайындаушы уәкілеттік берген тұлға.

Сынақтарды фото-бейне тіркеуді, сарапшы-аудиторлардың құзыретін растауды енгізу, сынақ базасының/жабдығының болуына қойылатын талаптарды белгілеу қамтамасыз етілетін болады, бұл сертификаттау кезінде жүргізілетін сынақтар нәтижелерінің дұрыстығын 100% қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

  1. Техникалық реттеу құралдарын қолдану арқылы отандық тауар өндірушілердің бәсекелестік артықшылықтарын арттыру

Салалық келіссөздер ұстанымын әзірлеу үшін Сараптамалық кеңестердің қызметі қайта қалыптастырылды.

Бұл салаларда техникалық реттеуді қолданудың жеткіліксіздігіне байланысты проблемаларды шешуге мүмкіндік береді, бүгінгі күні келіссөздер позициясы пассивті режимде қалыптасады, осы жұмысты ұйымдастыру үшін құрылған жұмыс істеп тұрған Сараптамалық кеңестер барлық министрліктерде бола бермейді немесе формальды түрде болмайды, соның салдарынан министрліктер арасында келісілмеген позициялар жиі шығарылады немесе бизнестен келіспеушіліктер болады.

Бизнес үшін ерікті сертификаттау жүйесін құрудың құқықтық тетігі орнатылды, бұл кәсіпкерлерге нарықтық сегментте, әсіресе реттелетін сатып алуларға қатысу кезінде бәсекелестік артықшылықтарға ие болуға, ал тұтынушыларға олардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Ұлттық және (немесе) мемлекетаралық стандарттарды қолдануды қамтитын техникалық регламенттердің өзара байланысты стандарттар тізбесін қалыптастыру қажеттілігі туралы норманы енгізу жолымен ұлттық техникалық регламенттерді әзірлеу тәртібі қайта қаралды.

Аккредиттеу жөніндегі органға сынақ зертханаларының GLP қағидаттарына сәйкестігін мониторингілеуді жүзеге асыру үшін тиісті зертханалық практиканың сәйкестік мониторингі органының функциясын беру, бұл дәрілік заттарға, химиялық заттарға, минералдық тыңайтқыштарға және т.б. арналған клиникаға дейінгі (клиникалық емес) сынақ түрлерінің қазақстандық хаттамаларын тануға мүмкіндік береді.

  1. Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімін цифрландыру

Цифрландыру сертификаттау жөніндегі электрондық құжаттарға көшуді, бірыңғай платформада техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінің тізілімін қалыптастыруды көздейді. Тізілім техникалық реттеудің базалық ақпараттық анықтамалығы және сертификаттау мен мемлекеттік бақылау процесіне барлық қатысушылардың негізгі пайдаланушы құралы болады және Еуразиялық экономикалық комиссияның жалпы процестерімен интеграцияланады.

 

Дата публикации
10 сентября 2020
Дата обновления
10 сентября 2020
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ-ның Сауда саясатына шолу жасау жөніндегі органның тарихи төрағалығын сәтті аяқтады
Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ ның Орталық Азиядағы алғашқы өңірлік бағдарламасын іске қосты
Инфографика
17 июля 2026
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ДСҰ 10 жыл толыққанды мүшелік

Социальные медиа

Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы