2024 жылы электрондық сауда көлемі 3,2 трлн. теңгені құрады, бөлшек сауданың ЭТ үлесі 14,1% -дан астам.
Электрондық сауданың жалпы көлеміндегі маркетплейстердің (ЭСБ) үлесі 84,9% -ды құрайды.
ҚР аумағында ең танымал маркетплейстер мен интернет-дүкендер: Kaspi.kz, OZON, Wildberries, Halyk Market, Forte Market, Jusan Market және басқалары болып табылады.
Тауарлар ассортименті халықтың қажеттілігін ескере отырып үнемі өзгеріп отырады. ҰСБ деректері бойынша 2024 жылдың қорытындысы бойынша маркетплейстер арқылы тауарларды бөлшек саудада өткізудің жалпы көлемінің ең көп үлесі:
- телефондар мен гаджеттер - 27,4%;
- тұрмыстық техника - 13,3%;
- киім, аяқ киім және спорт тауарлары - 10,4%;
- компьютерлік тауарлар, бағдарламалық қамтамасыз ету - 5,7%,
- автотоварлар - 5,6%
- қалған 37,6%: азық-түлік, сұлулық және денсаулық (косметика, парфюмерия және т.б.), үйге және саяжайға арналған тауарлар, жиһаз, құрылыс және жөндеу.
ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің деректері бойынша отандық маркетплейстер 3 жыл ішінде 332,5 млрд. теңге (2022 жылы - 62,6 млрд. теңге, 2023 жылы - 119,3 млрд. теңге, 2024 жылы - 150,4 млрд. теңге) сомасында салық төледі.
Тауарлардың электрондық саудасын, жеке тұлғаларға электрондық нысанда қызмет көрсетуді жүзеге асыратын шетелдік компаниялар Google салығын енгізді (импорт салығы) - 108 шетелдік компания шартты тіркеуден өтті, олар төлеген салық сомасы 91,4 млрд. теңгені құрады (2022 ж. - 10,4 млрд. теңге, 2023 ж. - 24,3 млрд. теңге, 2024 ж. - 35 млрд. теңге, 2025 ж. 4 ай - 21,7 млрд. теңге).
Электрондық сауданы дамытудың 2027 жылға дейінгі жоспары бекітілді (Министрдің м.а. 27.03.2025 жылғы № 121 бұйрығы)электрондық сауда мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру, елдің барлық өңірлерінде электрондық саудаға оқыту курстарын іске қосу, электрондық саудада кәсіпкерлер үшін мемлекеттік қолдаудың қаржылық шараларын енгізу және отандық тауарларды экспортқа жылжыту үшін халықаралық онлайн сауда платформаларымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі мәселелерді қамтиды.