Құрметті Маулен Сағатханұлы!
Құрметті депутаттар!
Назарларыңызға «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы ұсынылады.
Келісімнің негізгі мақсаты қызметтер еркін саудасы аймағын дамыту арқылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері экономикаларының өсуін қамтамасыз ету болып табылады.
Келісім қызметтер саудасын кеңейту және ТМД кеңістігінде инвестициялау үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
Қазақстанның ТМД елдерімен көрсетілетін қызметтердің саудасы 2024 жылы 4,3 млрд. долларын құрды. Онын ішінде Қазақстанның қызметтері экспорты 2,2 млрд. долларын құрды, және қызметтер импорты 2,1 млрд. долларын құрды.
2024 жылы ТМД елдерінен Қазақстанға инвестициялары 4 млрд. долларын құрды, ал ТМД елдеріне қазақстандық инвестициялар 0,6 млрд. долларын құрды.
Қазақстан Республикасының Ресей, Қырғызстан, Армения және Беларусьпен көрсетілетін қызметтер саудасының шарттары Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде реттеледі.
Тәжікстанмен көрсетілетін қызметтер саудасы Дүниежүзілік сауда ұйымы міндеттемелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Осы Келісім қазақстандық бизнеске ДСҰ және ЕАЭО мүшесі болып табылмайтын Өзбекстанның қызметтер нарығында преференцияларды береді.
Келісім ТМД елдерімен сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтып, өзара инвестиция көлемін арттырады.
Осы Келісімді ратификациялау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды, сондай-ақ республикалық бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.
Осы Заң жобасын қолдауларыңызды сұраймын.