Меню

Страницы

Статья

ҚР Сауда және интеграция министрі А. Шакқалиевтің ҚР аумағындағы уақытты есептеу мәселесі бойынша баяндамасы

Құрметті Олжас Абайұлы, әріптестер!

Мәжілістің «AMANAT» фракциясында бірыңғай уақыт мәселесін талқылау қорытындысы бойынша медицина, нейроғылым, биофизика, генетика, астрофизика, физиология салаларындағы ғылыми-зерттеу институттары, салалық сарапшыларды, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары және мүдделі тұлғалардың қатысуымен, бірыңғай уақыт белдеуінің халық денсаулығына, энергия тұтыну және еңбек өнімділігінің әсеріне мониторинг жүргізілді.

Жұмыс барысында деректерді зерттеу, сауалнама нәтижелері мен уақыт белдеуі өзгеруіне дейінгі және одан кейінгі көрсеткіштерді салыстыратын кешенді тәсіл қолданылды.

40 астам метрика мен көрсеткіштерді қамтитын уақыт белдеуінің өзгеруі халықтың денсаулығына, энергия тұтынуға, еңбек тиімділігіне, оқушылардың үлгеріміне, жол көлік оқиғалары көрсеткішіне, қылмысқа және басқа аспектілерге әсерін бағалау бойынша зерттеу әдістемесі бекітілді.

Денсаулық сақтау бағыты бойынша халықтың жас шамасына қарай бөлінген топтарын және қала мен ауыл тұрғындарын қамтитын талдау жүргізілді.

Энергия тұтыну бойынша ең жоғары жүктемелердің әсерін бағалау және еліміз  бойынша көп пәтерлі тұрғын үйлерде электр энергиясын тұтынудағы статистикалық салыстыру жұмыстары жүргізілді.

Еңбек қызметі бойынша да талдау жұмыстары жүргізілді.

Нақты деректерге негізделген нәтижелер уақыт белдеуінің өзгеруі халық өмірінің негізгі көрсеткіштеріне теріс әсері болмағанын айқындайды.

Сонымен қатар, өңірлерде талқылау барысында мәслихат депутаттары жұмыс кестелерін ауыстыру арқылы жұмыс уақытын оңтайландыру жөніндегі бастаманы қолдады.

Бүгінгі таңда, Шығыс Қазақстан облысының бірқатар аудан-дарында (Катонқарағай, Марқакөл, Үлкен Нарын, Зайсан, Тарбағатай, Самара, Күршім) тұрғындар тарапынан қолдау тауып, жұмыс кестесі 8:00-ден 17:30-ға дейін өзгертілді.

Бұл шаралар, азаматтар үшін қолайлы жағдай жасауға сондай-ақ кәсіби және жеке өмір арасындағы теңдікті жақсартуға бағытталған.

Қажет болған жағдайда, осындай тәжірибені жергілікті атқарушы органдар басқа өңірлерде де қолдануға мүмкіндігі бар.

Мониторинг нәтижесі наурыз айының басында Мәжілістің «AMANAT» фракциясына енгізілді.

Назарларыңызға рақмет

Дата публикации
11 марта 2025
Дата обновления
11 марта 2025
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ-ның Сауда саясатына шолу жасау жөніндегі органның тарихи төрағалығын сәтті аяқтады
Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ ның Орталық Азиядағы алғашқы өңірлік бағдарламасын іске қосты
Инфографика
17 июля 2026
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ДСҰ 10 жыл толыққанды мүшелік

Социальные медиа

Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы