Меню

Страницы

Статья

ҚР Сауда және интеграция министрі А.А. Шаққалиевтің Парламент Мәжілісінің жалпы отырысына баяндамасының жобасы 2025 жылғы 26 ақпанда сағат 10.00

Құрметті Ерлан Жақанұлы!

Құрметті депутаттар!

 

Сіздердің қарауыңызға «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы ұсынылып отыр.

Келісімнің негізгі мақсаты, ТМД-ға қатысушы елдердің көрсетілетін қызметтерінің еркін сауда аймағын қалыптастыру болып табылады.

Қызмет көрсету саласы жаһандық экономикалық өсудің ең үздік драйвері. Дамыған елдерде дүниежүзілік жалпы ішкі өнімнің шамамен 70% және дамушы елдерде 50% қызметтер құрайды. Қазақстанның жалпы ішкі өнім құрылымында қызмет көрсету үлесі 50% астам, ал ТМД елдерінде бұл көрсеткіш 40%-60% аралығында болып отыр.

Бүгінгі күні жаһандық жалпы ішкі өнімдегі қызмет көрсету үлесі өсіп жатыр. Заманауи технологиялардың қарқынды дамуы аясында, бұл тенденция тек қана қарқын алады. Сондықтан біз үшін қызмет саудасына ерекше көңіл бөлу маңызды.

Келісім ТМД-ға мүше мемлекеттердің қызмет берушілері үшін серіктестер нарығында неғұрлым тиімді шарттар ұсыну туралы міндеттемелерді бекітуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар ТМД кеңістігінде неғұрлым қолайлы инвестициялық ахуалды құрады.

Қазақстанның ТМД елдерімен көрсетілетін қызметтерінің саудасы 2024 жылдың 9 айында 3,2 миллиард АҚШ долларын құрады. Бұл экспорттық қызмет көрсету 1,61 миллиард АҚШ долларын құрады.

Оның ішінде іскерлік, көліктік, телекоммуникациялық, экологиялық, қаржылық және білім беру, құрылыс және туризм сияқты қызмет салаларында кепілдік береді.

Ал ТМД елдерінен келген телекоммуникация, компьютерлік және ақпараттық қызмет, туристік, техникалық қызмет көрсету сияқты импорттық қызмет көрсету – 1,59 миллиард АҚШ долларын құрап отыр.

Сонымен қатар, Келісімде халықаралық тәжірибеге сәйкес инвесторлардың мүддесін қорғаудың жоғары деңгейін көзделген.

ТМД елдерінен Қазақстан Республикасына тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны өткен жылы 9 айында 2,8 миллиард АҚШ долларын құрады (2023 ж. – 3,2 млрд. АҚШ долл., 2022 ж. – 1,7 млрд. АҚШ долл.).

Келісімге Қазақстанның мемлекеттік сатып алу, жер мәселелері, жер қойнауын пайдалану, табиғи монополиялар, жаңартылатын энергия көздерін реттеу сияқты мәселелері жатпайды.

Келісімді ратификациялау ТМД мемлекеттерінің сауда-экономикалық ынтымақ-тастығын кеңейтуге көрсетілетін отандық қызметтер экспортын ынталан-дыруға қазақстандық кәсіпорындар ТМД-да өз филиалдардың ашу кезінде, қолайлы жағдай және өзара инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді.

 

Назарларыңызға рақмет!

Дата публикации
26 февраля 2025
Дата обновления
26 февраля 2025
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ-ның Сауда саясатына шолу жасау жөніндегі органның тарихи төрағалығын сәтті аяқтады
Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ ның Орталық Азиядағы алғашқы өңірлік бағдарламасын іске қосты
Инфографика
17 июля 2026
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ДСҰ 10 жыл толыққанды мүшелік

Социальные медиа

Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы